жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / 100 қобдалық қыз қара жорға биледі

100 қобдалық қыз қара жорға биледі

Елімізде  бастау  алған  «Мен  қазақпын»  мега  жобасының  ұйымдастырушылары  Ақтөбе өңіріне  келді.  Қонақтарды  100  қобдалық  қыз  Қобда  ауданының  орталығындағы стадионда  қара  жорға  билеп  қарсы  алды.  Әжелер  ансамблі  халық  әндерін  шырқады.

 

«Мен  қазақпын»  телевизиялық  жобасының  ұйымдастырушылары,  «Қазақстан»  ұлттық арнасының  түсірілім  тобы  алдымен  Ақтөбе  мен  Батыс  Қазақстан  облыстарының  шекарасындағы  батырлар  мекені  Қобда  ауданына  ат  басын  тіреді.

—  Қобда  ауданы  ерліктің  өнегесі  болған  Қобыланды  батырдың  қорымын  сақтаған өлке  екен.  Бұл  жерде  Әлия  Молдағұлова  сынды  қазақтың  батыр  қызы  туған.  Сондықтан,  біз  «Мен  қазақпын»  мега  жобасының  Ақтөбеде  өтуін  осы  жерден  бастадық.  Бұл  рухты мекен  бәрімізді  қолдайды  деген  ойдамын, —  дейді  «Мен  қазақпын»  мега   жобасының  жүргізушісі   Аллажар  Қайбар.

Айта  кету  керек,  бұл  жобаның  мақсаты  —  ұлттық  болмысымызды  таныту.   Сондықтан, байқау  кезінде  термешілер,  күйшілер,  дәстүрлі  әншілер  өнер  көрсетеді.  Кейін телевизиялық  жоба  «Қазақстан»  ұлттық  арнасы  арқылы  көрсетіледі.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *