дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбенің көркін кетіріп тұрған 40-50 жылдық қарағаштардың орнына басқа талдар отырғызыла бастады

Ақтөбенің көркін кетіріп тұрған 40-50 жылдық қарағаштардың орнына басқа талдар отырғызыла бастады

Ақтөбеде қаланың көркін кетіріп тұрған жартығасырлық қарағаштардың орнына басқа талдар отырғызыла бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін облыс басшысы тұрғындардың кесіліп жатқан ағаштарға қатысты базынасына жауап қатты. Бердібек Сапарбаев қарағаштардың 40-50 жыл өмір сүргенін алға тартып, олардың бұтақтарының кесіліп жатқанын айтты.

«Бүгінде Абай даңғылы бойындағы талдарды кестік. Артық бұтақтарын алып тастап жатырмыз. Одан еш зиян болмайды. Орнына басқа талдар отырғызыла бастады. әдемі гүлзар пайда болады. Алдағы уақытта Абай даңғылының қалай жайқалып тұратынының куәсі боласыздар. Тұрғындар балаларымен қыдыратын жерге айналады», — деді облыс басшысы.

Әкімнің пайымынша, қураған қарағаштардың кесілуіне қатысты тұрғындардың байбаламы орынсыз.

Айта кетейік, қарағаштардың қурап жатқаны былай тұрсын, соңғы жылдары жапырақтарын жаз ортасына дейін қоңыздар жеп кетіп жатыр.

Мұхит Әлжан, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *