жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбенің Өрлеу ауылында судан зардап шеккен отбасылардың бірінің үйінің құрылысы аяқталды

Ақтөбенің Өрлеу ауылында судан зардап шеккен отбасылардың бірінің үйінің құрылысы аяқталды

Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен 66 отбасыға таяуда Өрлеу ауылынан жер телімдері берілген болатын. Сонымен бірге, оларға 1 миллион теңге көлемінде бөлінді. Оның 800 мың теңгесі құрылыс материалдарына, ал, 200 мыңы құрылысшылардың еңбегіне жұмсалды.

Араға аз уақыт салып, алғашқы үйдің құрылысы аяқталды. Бұл жөнінде Темір ауданының Ақтөбедегі күндеріне арналған мерекелік шара барысында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев хабарлады. Облыс басшысы алдағы уақытта аталған ауылдағы құрылыс жұмыстарын бір қарап шықпақ ниетте.

«Қазақта асар деген түсінік бар. Халық жұмылып көмектесіп жатыр. Мұндай қиындықта қолұшын созып жатқандар бар», — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Темір ауданының Ақтөбедегі күндері аясында бірнеше отбасыға тұрмыстық техникалар тарту етілді. Сонымен бірге, Шұбарқұдық ауылының кәсіпкері екі отбасыға соғым алып беретін болды.

Осы аптада Темір жұртшылығы Ақтөбеде көпбалалы отбасыға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *