сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде баласын сәбилер үйіне уақытша қалдырған 10 анаға іздеу жарияланды

Ақтөбеде баласын сәбилер үйіне уақытша қалдырған 10 анаға іздеу жарияланды

Nord-News

Ақтөбедегі «Үміт» сәбилер үйінде қазір жаңа туған нәрестелерден бастап, 5 жасқа дейінгі 59 бала тәрбиеленіп жатыр. Барлығының да ата-анасы тірі. 25 бүлдіршіннен әке-шешесі мүлдем бас тартқан. Балалар үйінің тәрбиешілері тастанды сәбилердің анасы 21-25 жастағы қыздар екенін айтты.

«Қазір бізде 59 бала бар, жартысы мүгедек. Балалар жасы мен жағдайына байланысты әртүрлі топқа бөлінген. Орталықтағы 59 баланың 25-нің мүмкіндігі шектеулі. Даун синдромы, сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндер бар. Ауру балалардың ата-анасы бас тартып, бізге әкеліп тастады. Мемлекет барлығына қамқор болады.  Баласын уақытша тастап, кейін келмей кететін ата-аналар бар. Қазіргі уақытта сәбиін уақытша деп қалдырып кеткен 10 әйелге іздеу салынды. Олар хабарсыз кетіп отыр», — дейді «Үміт» сәбилер үйінің әлеуметтік педагогі Жанна Тастанова.

Жыл басынан бері «Үміт» сәбилер үйінен 7 баланы жаңа ата-аналары асырап алған.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *