дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Сапарбаев Темір ауданындағы діни жағдайдың әлі де нашар екенін айтты

Сапарбаев Темір ауданындағы діни жағдайдың әлі де нашар екенін айтты

Ақтөбе облысының Темір ауданына барған облыс әкімі халықтың жағдайымен танысты. Діни жағдайы күрделі ауданда басқа ағым жетегінде жүрген 500-ге тарта  адам бар. Облыс әкімі ауыл тұрғындарын билікке қарап отырмай, қоғам дертімен бірлесе күресуге шақырды.

«Өткен жылы болған, 2011 жыл, оның алдындағы болған оқиғалардан тиісті, нақты нәтиже шығаратын уақытымыз келді. Басқа діни көзқарастағы адамдарды түзеу үшін қоғамды, әжелерді пайдалану керек. Әжелер қара жамылып жүрген қыздармен сөйлесуге тиіс. Қазір жасалып жатқан жұмысты тоқтатуға болмайды. Билік қана емес, қоғам болып жұмыс жасауымыз керек. Әрдайым айтамын, олардың ешқайсысы аспаннан салбырап түскен жоқ. Бәрі де өзіміздің ағайындарымыз, туысымыз, досымыз. Нақты жұмыстар жасалу керек. Әлі де болса жұмысымыз нашар. Әлі өз деңгейіне келген жоқ», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Әкім киелі Ақтөбенің абыройын ойлауды тапсырды.

«Өкінішке орай өңірде 310 бала екпеден өтпеген. Олардың саны төмендеудің орнына көбейіп тұр. Өзімізді ойламасақ та балаларымыздың болашағын ойлайық. «Мен жігіттерге намыс қайда?» деп айтамын. Ақтөбелік деген намыс қайда? Кішкене ойлануымыз керек емес пе? Ақтөбе жаман дей берген жақсы ма? Жақсы жұмыстар көп. Ақтөбе өзінің тарихы, қасиеті бар өңір, киелі жер. Талай мықты батырлар, ақындар, ғалымдар шыққан жер. Ақтөбедегі жағдай барлық Қазақстандағы жағдай. Құрып бара жатқан ештеңе жоқ. Өмір болғаннан кейін әртүрлі жағдайлар болады», — деді облыс әкімі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *