бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе облысының Шұбарқұдық ауылында 20 жылда бір мектеп салынбаған

Ақтөбе облысының Шұбарқұдық ауылында 20 жылда бір мектеп салынбаған

Облыс әкімі Темір ауданындағы сапарында әлеуметтік мәселелерді көтерді.

«2019 жылы Ақтөбе облысының барлық елді-мекенін медициналық бөлімшемен қамтамасыз етуге тиіспіз. Темір ауданында 4 медициналық бөлімше салынуға тиіс. Білімге байланысты күрделі мәселелер жоқ. 2020 жылы облыстағы апаттағы және үш ауысымды мектептер санын жоюымыз керек. Шұбарқұдықта 20 жылдан бері мектеп салынбаған. Қаржы бөлдік, енді құжат жағын тездетуіміз керек. Шұбарши ауылында да жаңа мектеп құрылысы басталады», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы аудан әкіміне жұмыссыздықпен күресуді қолға алуды тапсырды.

«Жұмыссыздар санын көбейтпеуіміз керек. Мемлекеттік қолдаулар мен бағдарламаларды пайдалана отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруымыз керек. Дін жөнінен Темір ауданында үлкен сұрақтардың бар екенін сіздер жақсы білесіздер. Бұрыңғы болған оқиғаларды есімізден шығармауымыз керек», — деді облыс әкімі.
Әкім мектепке оранып келетін қыздардың болашағына алаңдады.

«Білім саласына қатысты айтатын бір мәселе, кішкентай балалардың намаз оқуы. Кішкентай балалардың мектепке қара жамылып, басқа да киімдермен келуі дұрыс емес. Елбасының айтқанымен жұмыс жасауымыз керек. Егер біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыламыз десек, тек экономиканы дамытуымыз жеткіліксіз. Рухани дамуымыз керек. Сана сезім өзгеруге тиіс, мәдениет, әдет-ғұрыпқа көңіл бөліп, бала тәрбиесіне қарауымыз керек. Дамыған мемлекеттерде кішкентай балалар қара жамылып киініп жүрмейді. Сондықтан білім саласында осыған көңіл бөлуіміз керек», — деді Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *