Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбедегі Мұнайшылар лагеріне көп балалы отбасылар мен жалғызбасты аналардың балаларына жолдама берілді

Ақтөбедегі Мұнайшылар лагеріне көп балалы отбасылар мен жалғызбасты аналардың балаларына жолдама берілді

Қала шетіндегі «Нефтянник» балаларға арналған сауықтыру лагерінде демалыс маусымы басталды.  3 маусымнан бастап 2000-нан аса бала жазғы демалысқа жолдама алған. Онда тек мұнайшылардың ғана балалары емес, көп балалы, жалғызбасты отбасылардың да балалары бар. Олар бір-бірімен танысып, ортаға үйреніскеннен кейін ұйымдастырушылар лагерьдің салтанатты ашылуын ұйымдастырды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жыл сайын балаларға арналған жазғы демалыс маусымын ұйымдастырады. Бұрын біз де пионер лагері болатын, қазір «Нефтянник» балалар сауықтыру лагері болып өзгертілді.  1980 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Еліміздегі экономикалық дағдарысқа қарамастан балалар лагері жұмысын тоқтатқан жоқ. Жылдан жылға балаларға жағдай жақсарып келеді. Мекеме тарапынан оған арнайы қаржы қарастырылып отыр. Балаларға жақсы демалыс тілеймін. Біз балаларға көңілді балалық шақ сыйлай білуіміз керек. Орталықта балаларға арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылады», — деді «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бөлім басшысы Сүлеймен Сұлтанов.

2017 жылдың жазғы демалыс маусымын салтанатты түрде ашқан ұйымдастырушылар балаларға құттықтау жолдап, көңілді демалыс тіледі.
Қазақстан мен Қытай елдерінің мұнай-газ саласындағы әріптестігіне биыл 20 жыл. Балаларға арналып салынған лагерьге 30 жыл болған. Лагерьге балалар жаз бойы 10 күн сайын келіп демалатын болады.  Балалар уақытын бос өткізбес үшін тәрбиешілер арнайы жоспармен жұмыс жасайды. Балалар күніне 6 рет тамақтанады. 12 тәрбиеші, 12 көмекші, әдіскер, хореограф, диджей, спортшы мамандар да балалармен жұмыс жасауға жұмылдырылған.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *