дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Қазақстан / ОҚО-да алаяқтыққа күдікті полицей ұсталды

ОҚО-да алаяқтыққа күдікті полицей ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар болуы мүмкін полицейді ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
© Тұрар Қазанғапов
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Арыс ауданының тұрғыны полицейлердің қиыршық тасты өз бетінше пайдаланғаны үшін 300 мың теңге талап етіп отыр деп арызданған.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде Арыстың 1980 жылы туған АІІБ қызметкері ұсталды. Қазір полицей қамауда отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД және ҰҚКД қызметкерлерінің бірігіп өткізген шаралары кезінде Абай аудандық полиция бөлімінің 4 қызметкері және Отырар АІІБ-нің 4 қызметкері ұсталған.
«ОҚО ІІД-нің басшылығы өз қатарын тазалау бойынша қатаң шараларды жалғастырады. ІІД-де жеке құрамның заң бұзушылық пен қылмыс жасауына жол бермеуге бағытталған алдын алу шаралары өткізіліп тұрады», — делінген ведомство хабарламасында.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *