дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Бердібек Сапарбаев: Үкімет ұйықтап отырса, мен телефоннан «барлығы жақсы» деп кабинетте отырар едім

Бердібек Сапарбаев: Үкімет ұйықтап отырса, мен телефоннан «барлығы жақсы» деп кабинетте отырар едім

Темір ауданына жұмыс сапары аясында Бердібек Сапарбаев халықпен кездесті. Кейбір тұрғындардың «Үкімет ұйықтап отыр» деген пікіріне облыс басшысы өз ойын жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Егер үкімет ұйықтап отыратын болса, Сапарбаев кабинеттен шықпай, телефон арқылы «барлығы жақсы» отырар еді. Үкімет ұйықтаса, елдің жағдайы осындай болмас та еді. Қараңыздар, 25 жыл бұрын халықтың жағдайы қандай болды, қазір қандай?! Осының барлығы үкіметтің ұйықтамай жұмыс істегенінің арқасы», — деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаевтың пайымынша, қазір нашар өмір сүріп отырғандар жалқаулар мен арыз жазғыштар.

«Мемлекет көмек беріп жатыр. Алғысы келмейді. Жұмыс ұсынады. Айлығы аз деп тағы да оны істегілері келмейді», — деп кейіді әкім.

Айта кетейік, облыс басшысы бүгін Темір ауданының бірнеше ауылы мен аудан орталығын аралады. Ауыл тұрғындарымен да, аудан орталығының халқымен де жүздесті. Соңғы 20 жылда жаңа мектеп салынбаған Шұбарқұдықта білім ордасының құрылысы басталады. Аудан орталығында жаңа ықшам аудан бой көтеріп келеді, су құбырлары жөнделе бастады.

Мұхит Әлжан, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *