дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ілияс Испанов Ақтөбені ақылды қалаға айналдыратынын айтты

Ілияс Испанов Ақтөбені ақылды қалаға айналдыратынын айтты

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов БАҚ өкілдерімен кездесті. Қала әкімі тілшілерге  мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін және қала тұрғындары үшін лайықты тұрмыс пен еңбек жағдайларын жасау жөніндегі даму перспективасы туралы айтып берді.

«Тұтастай алғанда, үстіміздегі жылдың бес айының қорытындысында қаланың экономикалық және әлеуметтік саласының дамуында тұрақты өсу тенденциясы бар. Қалада индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз етуге, жаңа инвестициялар тартуға, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Мұның бәрі тұрғындардың кірісінің тұрақты өсуіне, бюджетке қаржы түсуіне мүмкіндік береді», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Қалада өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 174,9 млрд теңге, физикалық көлем индексі 113,1 пайыз құраған. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,9 млрд теңге, физикалық көлем индексі 104,8 пайызға жетті. 2017 жылы 27,1 мың гектарға егін егу жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6 мың гектарға көп.

«Мемлекеттік бағдарлама айсында  «Ақылды қала» бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаның негізгі бағыттары: «Тиімді әкімдік», «Қауіпсіз қала», «Жайлы қала», «Интеллектуалды көлік жүйесі», «Ақылды қоғам», «Ақылды энергетика».Жобаны жүзеге асыру аясында енгізіліп отырған «Smart SityAktobe» мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі технологиясы ресурстарды ретімен және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл инновация мен экологиялық таза экономиканы қолдай отырып, шығындар мен энергияны үнемдеуге, азаматтарымызға қызмет көрсету сапасын және олардың өмір сүру сапасын көтеруге, қаланың қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға жол ашады», — деді Испанов.

2017 жылға арналған қаланың бюджеті 57 млрд теңге болып бекітілген. Оның ішінде 25,5 млрд теңге жоғары тұрған бюджеттен келетін трансферттер болып табылады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *