Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Рамазан айында Ақтөбеде нан тегін таратылып, тегін таксилер қызмет көрсете бастады

Рамазан айында Ақтөбеде нан тегін таратылып, тегін таксилер қызмет көрсете бастады

Рамазанда Ақтөбе қаласындағы Рауан елді мекенінің тұрғыны Қайрат Қалдыбаев бастаған игі іс жалғасын тауып, алғалықтар да тұрғындарға тегін нан тарата бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұл бастаманы бірінші болып Алға аудандық мешітінің имамдары мен жамағаты қолға алған.

«Өз араларында аз-кем ақша жинаған олар дүкен сөрелеріндегі нанды сатып алып, дүкен ішінен «Қасиетті Рамазанда тегін нан» деген арнайы бұрыш ашқан. Кейін бұл игі іске дүкен иелері де өздіктерінен демеушілік білдіре бастаған. Осылайша қазір Алға қаласында алты бірдей дүкен тұрғындарға күніге шамамен 20-30 нанды тегін үлестіруде», — деп хабарлайды облыстық мешіттің баспасөз қызметінен.

Бұдан бөлек Ақтөбе қаласында кешеден бері тегін такси қызмет көрсетуде. Мұндай игі іске мұрындық болғандар – тағы да мешіт жамағаты.

«Рамазанда сауапты істерде табандылық танытып, тақуалықта жарысқан жамағаттан күніге көлігі бар бірнеше адам тұрғындарды қала ішінде тегін тасымалдайды. Осылайша күн сайын ерікті ер азаматтар халықтың алғысын алып, қалаған жеріне сауап үшін санаспай апарып тастайды. Қос қайырымды іс те Рамазан айы бойына жалғасын таппақ», — дейді мешіттегілер.

Марат Төлепберген. Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *