сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде транзиттік жолда жүк көліктері түйісіп, жүргізуші қаза болды

Ақтөбеде транзиттік жолда жүк көліктері түйісіп, жүргізуші қаза болды

Оқиға 5 маусым күні Өрлеу ауылына барар жолда тіркелген. «Камаз» бен «Уаз-Патриот» маркалы көліктер түйісіп, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді.

«Өрлеу ауылы арқылы өтетін транзиттік жол бойында жол-көлік оқиғасы тіркелді. 5 маусым күні түскі 1:35 шамасында жол-көлік апаты болған. Екі автокөлік түйісіп, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Ауруханаға жеткізілген адамдардың жағдайы жақсы. Екеуі емді жалғастырудан бас тартты», — дейді қалалық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дастан Неталиева.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *