дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / ҚР Президенті ҰҚК басшысына «ЭКСПО-2017» көрмесінде қауіпсіздікті бақылауды тапсырды

ҚР Президенті ҰҚК басшысына «ЭКСПО-2017» көрмесінде қауіпсіздікті бақылауды тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі және осы кезеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін толық бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *