дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе облысында жасөспірімдерді зорлау дерегі көбейген

Ақтөбе облысында жасөспірімдерді зорлау дерегі көбейген

Бұл туралы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері хабарлайды.

«Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық зорлау фактілерінің жиілеп кетуі қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылы жасөспірімдерге жыныстық қатынас жасау туралы 4 қылмыстық іс қаралған, 2017 жылдың бүгінгі күнге дейін 6 қылмыстық іс түсіп, 3 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. 3 қылмыстық іс қаралу сатысында. 2016 жылмен 2017 жылды салыстырсақ, жоғарыда көрсетілген санаттағы қылмыстық істердің көбейгенін көруге болады», — дейді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Дамира Садықова.

Сот қызметкерлері жыныстық қылмыстың өршуіне қаптаған жағымсыз факторлар мен адамгершіліктің жаппай құлдырауы кері әсерін тигізуде екенін айтады.

«Мұндай қылмыстардың басым бөлігі алкогольдік ішімдік ішу салдарынын жасалып жатады. Жәбір көрген сәбилердің дені әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленген. Интернеттегі зорлық-зомбылық, қатыгездік пен порнографияны насихаттайтын ақпараттың қолжетімділігі де жағдайды барынша асқындырып барады. Үстіміздегі жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды», — дейді бас маман.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *