дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Кеше Ақтөбеде мәйіттік донормен екі адамға бүйрек салынды

Кеше Ақтөбеде мәйіттік донормен екі адамға бүйрек салынды

Ақтөбелік дәрігерлер бүйрек ауыстыру операциясын сәтті аяқтады. Мәйіттік донордан кезекте тұрған екі адамға трансплантациялық ота жасалынды.

«1 маусым күні  облыстық жедел жәрдем ауруханасына бас ми жарақатымен 1994 жылғы жігіт түскен. Науқас Байғанин ауданынан жеткізілді. Ауыр соққы алған жігітті құтқарып қалу мүмкін болмады. Ол жігіт екі адамның өмірін ұзартып кетті. Шұғыл түрде екі науқасқа бүйрек ауыстыру операциясын жасадық. Операциялар ойдағыдай өтті, науқастардың жағдайы бірқалыпты», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Қазіргі уақытта бүйрек ауыстыру отасы жасалынған 44 және  46 жастағы әйел адамдардың жағдайы қалыпты.
Ақтөбеде жыл басынан бері алты адамға бүйрек ауыстыру операциясы жасалынды.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *