жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе облысының мешіттеріне жас имамдар тағайындала бастады

Ақтөбе облысының мешіттеріне жас имамдар тағайындала бастады

Бас Мүфтидің бұйрығымен Ақтөбе облысындағы төрт мешітке бас имамдар тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ойыл аудандық мешітінің бас имамы қызметіне Серікұлы Нұрсұлтан кірісті. Ембі қаласындағы «Нұр» мешітіне Сағындықов Райымбек, Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітіне Кабиев Айбек, Әйтекеби аудандық мешітіне Шекпенов Бауыржан Бас имам және Сұңғат Саметов наиб имам болып тағайындалды.

Жаңа қызметке бекітілген жас мамандардың алғашқы төртеуі «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің биылғы түлектері. Ал жаңа наиб имам Сұңғат Қанатұлы 2013-2016 жылдар аралығында «Астана медресесі» колледжінде білім алған.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *