Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе облысында алдағы күндері автоматтандырылған жаңа газ бөлу станциясы іске қосылады

Ақтөбе облысында алдағы күндері автоматтандырылған жаңа газ бөлу станциясы іске қосылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа автоматтандырылған газ бөлу станциясы-300 нысанында болып, таяу уақытта іске қосылатын бұл құрылыстың жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе – 500 мың тұрғыны бар, серпінді даму үстіндегі қала. Қазір жұмыс істеп тұрған газ тасымалдау жүйесі қаланың өспелі қажеттілігін қанағаттандыруы тиіс. Бұл бәрінен бұрын жаңа тұрғын үй массивін және енді құрылымдала бастаған Ақтөбе қаласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін, сондай-ақ облыстың іргелес өңірлерін, оның ішінде Алға және Қобда аудандарын газбен жабдықтау қажеттігімен байланысты. Сондықтан да автоматтандырылған газ бөлу станциясы пайдалануға берілуімен облыста көгілдір отынның жетіспеушілігі проблемасы толығымен, оның ішінде жылыту маусымында да жойылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, автоматтандырылған газ бөлу станциясы елді мекендерге, өнеркәсіп кәсіпорындарына және басқа тұтынушыларға белгіленген көлемде және белгіленген қысыммен, тазалаудың қажетті дәрежесімен, газ мөлшері есебімен және иістендірумен беру үшін белгіленген.

Автоматтандырылған газ бөлу станциясы магистральды газды тазалау, жылыту, тұжыру, сондай-ақ газ шығынын өлшеу және тіркеу, жұмыс режимін және жоғары деңгейдегі автоматтандыру және телемеханика жүйелерімен ақпараттық байланысты автоматты басқару секілді негізгі функцияларды орындауды қамтамасыз ететін технологиялық жабдықтар кешенін білдіреді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *