сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Тағы бір ақтөбелік мұнара басына шығып секіріп кетпек болды

Тағы бір ақтөбелік мұнара басына шығып секіріп кетпек болды

yablor.ru

Ақтөбеде тағы бір тұрғын мұнара басына шығып, өзіне қол жұмсамақ болды. Биіктіктен секірмек болған 28 жастағы қала тұрғынын жергілікті полиция қызметкерлері құтқарып қалды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 1 маусым күні болған. Кешкі сағат 20:15 шамасында полиция бөлімшесіне Қызылжар селолық округінде орналасқан мұнара басынан бір адамның секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ер адамды райынан қайтара алды.

Мұнара басынан секірмек болған ер адам полиция қызметкерлеріне алғыс айтқан. Анықталғандай, 28 жастағы ер адам биіктікке ішімдік ішкен күйінде шыққан екен.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *