дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен алғашқы отбасы Шалқар ауданына көшіп барды

Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен алғашқы отбасы Шалқар ауданына көшіп барды

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың Шалқар ауданына іссапары кезінде азаматша көмек қолын созған ағайынға алғысын жаудырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Көз жасына ерік берген Мәншүк Отарбаева отбасымен ауылдық жерге қоныс аударғанына өкінбейтінін жеткізді.

Үш кішкентай баласымен ауылға барған отбасыға Шалқар билігі Жылтыр ауылынан баспана беретін болған. Мәншүк Отарбаеваның айтуынша, балалары балабақшаға орналастырылған. Отағасы жұмыспен қамтамасыз етілген.

Облыс басшысы сәуір айындағы су тасқынынан зардап шеккендерге ауылдық жерлерге қоныс аудару туралы ұсынысын айтып келеді. Бүгінде Ырғыз ауданы басшылығы облыс орталығында қиындық көрген жерлестеріне көмек қолын созуға дайын екендігін білдірді.

Мұғалжар ауданы басшылығы таяуда су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған мүгедек жанға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Қарғалы ауданындағы шаруа қожалықтарының бірі 5-6 отбасыға үй беріп, тіпті жұмыспен қамтамасыз етуге даяр екенін жеткізді.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *