бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Қазақстан / Алматыдағы ҰҚК арнайы операциясы: 17 адамның ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты

Алматыдағы ҰҚК арнайы операциясы: 17 адамның ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты

Алматыда арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталған еді. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуроры Ғабит Миразовқа сілтеме жасап.
«Алматы қалалық прокуратура өкілдерінің ұсталғандарды қамау туралы өтініші қабылданып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандар қамауға алынды», — деп хабарлады Алматы қалалық прокуратура өкілдері.
Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі қарсылық көрсетіп, арнайы бөлімшенінің көлігін бүлдіргені айтылады. Атыс салдарынан арнайы бөлімшенің бір қызметкері оқ жарақатын алған.
Сондай-ақ, Алматы қалалық прокуратура өкілдері қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын және ол мәліметтерді құпияда сақтайтынын айтып өтті.
Осыған дейін Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Қасабеков ұсталған болатын. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталып, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынғаны айтылады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *