сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Қазақстан / ЭКСПО көрмесі аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағына туристер тартылады

ЭКСПО көрмесі аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағына туристер тартылады

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Қызылорда облысы 6 инновациялық жоба ұсынады және халықаралық көрме аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағына туристерді тарту жоспарлануда — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЭКСПО көрмесіне облыс атынан «Қызылорда қаласында ескі автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу (қалпына келтіру) арқылы резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін шығаратын өндірісін ұйымдастыру», «Қызылорда облысында күніне 50 МВт электр энергиясын шығаратын Байқоңыр күн электр станциясын салу» т.б. сияқты 6 инновациялық жоба ұсынылады.
Облыс көрме өткізілген уақыт ішінде Астананы 7 608 тонна өніммен қамтуы тиіс. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жақановтың айтуынша, бұған дейін күріш пен балықтың алғашқы партиясы жіберілген.
«3-4 маусымда Атырау, Батыс Қазақстан облыстарымен бірлесіп жәрмеңке өткіземіз. Мұндай жәрмеңкелер 15-16 шілдеде, 5-6 тамызда, 16-17 қыркүйекте де ұйымдастырылады», — деді Басқарма басшысы.
Брифинге қатысушыларды Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова Астанадағы Қызылорданың өнері мен мәдениет күндері аясында өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.
Сондай-ақ Астанада өтетін халықаралық көрме аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағына туристерді тарту мақсатында отандық туроператорлармен жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.
«Көрмені өткізілу кезеңінде «Астана — Байқоңыр — Астана» және «Алматы — Байқоныр — Алматы» бағытында жүйелі түрде қатынайтын әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. «Байқоңыр» ғарыш айлағына туристерді тарту мақсатында отандық туроператорлармен жұмыс жүргізілуде. Олардың мәліметі бойынша көптеген шетелдік туристер (Англия, Германия, Қытай) «Байқоңыр» ғарыш айлағын көруді жоспарлап отыр, — дейді «EXPO-2017» ресурстық орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов.

inform.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *