дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Хоккейшілердің сауда орталығында жаттығып жүргенінен ұялған Сапарбаев бүгін олардың арманын орындады

Хоккейшілердің сауда орталығында жаттығып жүргенінен ұялған Сапарбаев бүгін олардың арманын орындады

Ақтөбеде халықаралық балаларды қорғау күнінде көптен күткен мұз айдыны ашылды. Өңір басшысы жаңа нысанның ашылуына жиналғандар мен барлық ақтөбеліктерді айтулы мерекемен құттықтады. Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев бірқатар кәсіпкерлермен келіссөздер жүрген болатын. Хоккей модулін ағайынды Шегельскийлер өз қаражатына тұрғызып берді.

«Сіздердің барлығыңыз да біздің мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен балаларымыздың спортпен шұғылдануына, сапалы білім алуына, шығармашылықпен шұғылдануына және жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылып отырғанын жақсы білесіздер.  Облыста бұл мәселеге баса назар аударылады. Спорттың қысқы түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуы  үлкен іс шара. Мұндай кешен Ақтөбеде бұрын-соңды болмаған. Мен ақтөбеліктердің қысқы спорт түрлері бойынша әлеуеті зор екендігіне сенімдімін. Тиісті жағдай жасап, жаңа чемпиондарды өсіріп шығарамыз», — деді Бердібек Сапарбаев.

11 шағын ауданда орналасқан жаңа ОБЖСМ-де тек хоккейшілерді ғана емес, сонымен қатар, мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек бойынша спортшылар жаттығады. Айта кетейік, мұнда орнатылған хоккей қорапшасы жоғары халықаралық стандарттарға сай және спортпен кәсіби түрде айналысуға арналған.  Хоккей жаттығу спорт кешенінің мұз айдынын орнату және оны құю жөніндегі жұмыстарын Сочи қаласындағы  хоккей стадионын 2014 жылы өткен қысқы Олимпиадалық ойындарға, Мәскеу стадионын хоккейден әлем чемпионатына  дайындаған ресейлік компания өз мойнына алды.

Кешеннің құрылысына 544 млн теңге жұмсалды. Жобаны «КТП» ЖШС құрылтайшылары ағайынды Щегельскийлер қаржыландырды.

Бердібек Сапарбаев әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін «КТП» ЖШС бас директоры Всеволод Щегельскийге алғыс хат табыс етіп, Парламент Мәжілісінің депутаты Глеб Щегельскийді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады.

«Президенттің бастамасымен жүзеге асырылған «Туған жер» жобасын қолдағаныңыз үшін сізге алғысымды білдіремін.  Сіздің қосқан үлесіңіз өңірдегі өзге де компаниялар мен кәсіпорындардың басшылары үшін үлгі боларына сенімдімін», — деді Бердібек Сапарбаев.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *