жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақтөбеде тағы бір балабақша ашылды

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақтөбеде тағы бір балабақша ашылды

Ақтөбенің Шанхай ауданында тағы бір балабақша пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған балабақша 300 орынға есептелген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Балалар үлкендер алдында мерекелік бағдарламаларын ұсынды. Ертегі кейіпкерлеріне айналған бүлдіршіндер облыс басшысына балабақшаның ішін көрсетіп шықты. Сонымен бірге, мерекелік торт кесілді.

Айта кетейік, мұнда мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиеленбек. Музыка, дене шынықтыру, медициналық, логопод, психолог бөлмелері бар. Нысанның айналасы көгалдандырылған.

Балабақшаның құрылтайшысы «Райгүл» ЖШС. Директоры Ержан Кенжебаев.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *