Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбенің талантты балалары мерекелік шеруде қаланың бас даңғылымен жүріп өтті

Ақтөбенің талантты балалары мерекелік шеруде қаланың бас даңғылымен жүріп өтті

Екі мыңнан астам өнерлі, талантты, озат бала бүгін Ақтөбенің бас даңғылымен жүріп өтті. Қала тарихында тұңғыш өткізіліп отырған балалар шеруін олардың ата-аналары мен ұстаздары да келіп қызықтады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қаз-қатар тігілген балалар бар өнерлерін ортаға салды. Музыка мектебінің оқушылары күй төгілтсе, бишілер тобы мың бұрала жөнелді. Балалар спорт ұжымдары да алаңға құр алақан шықпай, түрлі жаттығулар жасады.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев шеруге қатысқан балаларға алғысын жаудырып, олардың игілігі үшін қолға алынып жатқан шаралар туралы айтып өтті. Үш айға созылған демалыстарын нәтижелі өткізуге тілектестігін жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты — балаларды қолдап, рухани, патриоттық тәрбие беру.

Айта кетейік, мұндай шерулер еліміздің өзге қалаларында да ұйымдастырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *