дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде ораза кестелері мен дұға мәтіндері мыңдаған данамен таратылып жатыр

Ақтөбеде ораза кестелері мен дұға мәтіндері мыңдаған данамен таратылып жатыр

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің қызметкері Нурллин Райымбек бір топ мешіт жастарымен бірге тұрғындарға Бас Мүфти Ержан қажы Малғажаұлының халыққа үндеуі мен Рамазандағы намаз бен ораза кестесін таратты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Халық көп шоғырланған жерлер – теміржол вокзалында, базар мен қала көшелерінде, аялдамалар мен көлік тұрағындағы тұрғындарды тоқтатып, оларды қасиетті айдың келуімен құттықтап, жылы лебіздерін арнады. Үндеу мәтінімен қысқаша таныстырып өтіп, Рамазан айының кестесінде көрсетілген сәресі мен ауыз бекіту уақыттарын түсіндірді.

Облыстық «Нұс Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Рамазанда халықты қайырымды істерде бастамашыл болуға шақырған аталмыш Үндеу мәтіні Ақтөбенің бұдан өзге мешіттерінде де таратылуда.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде осы күнге дейін 5000 данадан астам Рамазан айының кестесі таратылып, Үндеу мәтіндері де үлестірілді. Бұдан бөлек, жамағатқа сәресі мен ауыз бекіту кезіндегі дұғалар мен тарауих намазының тасбихы күн сайын мыңдаған данамен беріліп жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *