жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балалары жазғы лагерьлерде демалады

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балалары жазғы лагерьлерде демалады

Бұл туралы қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың директор орынбасары Жаңылсын Нұрғалиева «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылардың 7-14 жастағы балалары есепке алынды. Жергілікті бюджет есебінен жазғы демалысты өткізу үшін 90 бала лагерьлерге жіберіледі, оның ішінде 59 бала мектеп жанындағы, 31 бала қала сыртындағы демалыс орындарына барады. Сонымен қатар, қала сыртындағы лагерьлерде жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы жоқ, көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасылардан шыққан, мүгедек, денсаулығы нашар  мыңға жуық бала бюджет есебінен демалады», — деп хабарлады Жаңылсын Нұрғалиева.

Жалпы Ақтөбеде қала мектептерінің 61 мың оқушысын жазғы сауықтыру демалысымен қамту жоспарланған.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *