Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі «Алтын Гефест-2017» байқауының жүлдегері атанды

«Актюбинский вестник» газетінің тілшісі «Алтын Гефест-2017» байқауының жүлдегері атанды

Облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Владимир Бурьянов тау-кен-металлургия тақырыбы бойынша «Алтын Гефест-2017» байқауының жүлдегері атанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Марапаттау рәсімі Астанадағы «Салтанат сарайы» конгресс-холы сахнасында өтті. Аталған конкурсқа 9 номинация бойынша 190-нан астам адам қатысқан.

Облыстық «Ақтөбе» газетінің хабарлауынша, «Тау-кен-металлургия саласындағы Еңбек адамы туралы үздік журналистік жұмыс» аталымында өзінің «Горизонты жизни дяди Саши» деп аталатын туындысы топ жарған тілші арнайы дипломға, «Алтын гефест» мүсіншесіне және ақшалай сыйлыққа ие болды.

Владимир Бурьянов бұған дейін KASE қазақстандық қор биржасының сыйлығын алған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *