Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеліктер Түйетөбе басында қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Ақтөбеліктер Түйетөбе басында қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Ақтөбеліктер жылдағы үрдіс бойынша Түйетөбеге барып, қуғын-сүргін құрбандарын еске алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Зұлмат жылдары солақай саясаттың құрбаны болғандардың рухына құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды. Шараға қуғындалғандардың ұрпақтары, жергілікті билік және азаматтық қоғам vөкілдері, құқық қорғау органдары, жастар, т.б. қатысты. Тіпті көршілес облыстардан келгендер болды.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев сол уақыттағы мемлекеттің жүргізген саясаты миллиондаған мыңдаған адамның шейіт болғанын, бұдан былай қайғылы жайттың қайталанбаса деп тілейтінін жеткізді. Облыс әкімінен кейін облыстың бас имамы мен «Вайнах» шешен-ұйғыр ұлттық орталығының жетекшісі сөйледі.

Түйетөбе басында бір минут үнсіздік жарияланды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шаралары бүгін облыстық «Нұр Отан» партиясында да жалғасады. Онда ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Мұхит Әлжан, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *