Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Мереке қарсаңында «Ақтөбе» футбол клубының бала жанкүйерлері алаңға шығады

Мереке қарсаңында «Ақтөбе» футбол клубының бала жанкүйерлері алаңға шығады

Балалар мерекесін көңілді өткізуге «Ақтөбе» футбол командасы өз үлесін қосады. Спорт клубы балалар құқын қорғау күніне орай жас жанкүйерлерді стадионға шақырады.

Балаларға сүйікті футбол командасымен алаңға шығу үшін сәл еңбектену қажет. Ол үшін сурет байқауына қатысып, «Ақтөбе» футбол клубын 50 жылдығымен құттықтау керек. 50 баланың үздік жұмыстары «Ақ-қызыл» командамен бірге алаңға шығуға жолдама береді.

«Ақ-қызыл» команданың мыңдаған жас жанкүйерлері бар. «Ақтөбе» ФК сіздердің қолдауларыңызды жоғары бағалайды. Мерекеге орай біз қызықты конкурсқа қатысуға шақырамыз. Жас жанкүйерлерге арналған сурет салу конкурсы ұйымдастырылады. Сіздер өздеріңізге ұсынылған тақырыптың бірін таңдап ала аласыздар:«Туған күніңмен, «Ақтөбе» ФК», «Мен сені сүйемін «Ақтөбе» ФК», «Мен «Ақтөбенің» жанкүйерімін» «Ақтөбе» жанкүйерінен 1 маусыммен құттықтау» және «Ақтөбе» ФК 50 жылға» байланысты басқа да тақырыптар. Интернет суреттері алынбайды», — дейді спорт клубының баспасөз қызметі.

Суреттер баспасөз қызметінің ofcaktobe@mail.ru электрондық мекенжайына қабылданады. Қорытындысы «Балалар VS «Ақтөбе» ФК футболшылары арасындағы супер-матчтың үзілісінде жарияланады.  Ең үздік сурет иелеріне «Ақтөбе» футбол клубы мен «Happyllon» компаниясынан сыйлықтар берілетін болады.

Ойын 1 маусым 12:00 «Қобыланды батыр» атындағы Орталық стадионда өтеді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *