жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Басты жаңалықтар / Ораза айында шөлдемес үшін не істеу керек?

Ораза айында шөлдемес үшін не істеу керек?

Ақтөбелік мешіт қызметкерлері ораза кезінде шөлдемес үшін шай мен кофеден бас тартуды ұсынады. Ораза кезінде шөлдемес үшін дін қызметкерлері төмендегідей кеңестер айтады:

Сурет Muslim.kz сайтынан

1. Шай, кофе, газдалған сусын ішпеген дұрыс. Оларда кофеин мен химиялық қоспалар болғандықтан, шөл қанудың орнына организмнің көп суалуына әкеліп соғады.

2. Ауыз бекітерде бір шымшым тұз салынған бір кесе тұзды су ішсеңіз, организмнен су шығу үрдісі тежеледі.

3. Әркімнің қажетіне қарай адамдар су мөлшерін әрқалай қабылдайды. Өте белсенді адам тәулігіне 2-3 литр су ішуі керек. Су, көк шәй және әр түрлі шөптерден жасалған шәй шөлді жақсы қандырады.

4. Ораза кезінде тамақ ішкенде өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдар жемеңіз. Қуырылған және майлы тағам асқазан мен ішекті тітіркендіреді және өте баяу қорытылады. Ал ащы, тұзды және тәтті тағамдар болса адамды шөлдетеді. Осы жағдайларға байланысты таңертең ботқа жеген өте тиімді. Ботқаның қорытылуы оңай, организмге пайдалы жеңіл тағам әрі тоқ жүресіз.

5. Капуста, сәбіз, картоп, кәді сияқты көкөністерді мейлінше көбірек жеңіз. Ауыз бекіткенде алма, жүзім, апельсин, алмұрт сияқты жемістерді жемеген дұрыс. Өйткені, олардың құрамында қышқыл көп болғандықтан, күндіз адамды шөл қысуы мүмкін.

Оразаңыз қабыл болсын!

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *