дүйсенбі , 25 қыркүйек 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбенің орталығында раушангүлдер аллеясы пайда болады

Ақтөбенің орталығында раушангүлдер аллеясы пайда болады

фото: eadaily.com

Ақтөбедегі Абай даңғылының бойында раушангүлдер аллеясы ашылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Гүлзар облыстық әкімдік пен «Нұр Отан» партиясы ғимаратының арасында орналаспақ.

«Ақтөбе Флора» компаниясының құрылтайшысы Жұмагүл Омарованың айтуынша, раушангүлдер Германиядан әкелінеді.

«Раушангүлдер жылы жерді жақсы көреді. Қалада Абай даңғылы бойы ық секілді. Сондықтан, раушангүлдер аллеясын ашу туралы облыс басшысына ұсыныс білдіргенде, осы даңғылды айттым. Шамамен 10 мың шаршы метр алқапты көздегенбіз. Бірақ, даңғыл бойында реконструкция жұмыстарынан соң, аллея ауданы кішірейеді. Біз сұрыпты раушан гүлдерін егуді ойластырып отырмыз», — дейді Жұмагүл Омарова.

Оның айтуынша, әр гүлдің атауы қасында жазылып тұрады.

фото: Аймұрат Дәрібай

«Халық раушангүлдердің атауын білетін болады. Мектеп оқушылары да қызығушылық танытуы мүмкін ғоә. Гүлдің түрлерімен таныса алады. Қасында тұрып суретке түсуі мүмкін. Бір шаршы метрге шамамен 6-9 гүл отырғызылады», — дейді жоба авторы.

Ерекше гүлзар Ақтөбе халықаралық әуежайына апаратын жолдың бойында да пайда болады. Кәсіби гүл өсірушілер жергілікті билік органдарына гүлзардың макетін ұсынған.

Айта кетейік, гүлзар да, раушангүлдер аллеясы да биыл пайда болады.

Мұхит Әлжан, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *