дүйсенбі , 25 қыркүйек 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбедегі су тасқынынан қираған саяжайдағы баспаналардың орындары тазартылады

Ақтөбедегі су тасқынынан қираған саяжайдағы баспаналардың орындары тазартылады

Ақтөбеде су тасқынынан қираған 80-нен астам баспананың орындары тазартылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Рас, тұрғындарға тұруға жарамай қалған үйлерінен қажетті құрылыс материалдарын алып кетуге мүмкіндік беріледі.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияровтың хабарлауынша, кейін ол учаскелер қайтарылатын болады.

«Қираған үйлердің орны қалады, ештеңе салынбайды. Оны мемлекеттік актпен қайтып аламыз. Бұзылған үйлердің материалдарын тұрғындарын алып кетеді. Керегін алады, керек емесін тастап кетеді. Біз орнын тазартып тастаймыз», — деді қала басшысының орынбасары Нағымжан Алдияров.

Айта кетейік, көктемгі су тасқынынан 700-ден астам отбасы зардап шегіп, 81 баспана адам тұруға жарамай қалды.

66 отбасыға жер телімінің құжаттары беріліп, құрылыс материалдары жеткізіле бастады. 5 отбасыға «Нұр Ақтөбе» ауданынан баспана кілттері табысталды. 

Мұхит Әлжан, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *