дүйсенбі , 25 қыркүйек 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Игорь Рахаев «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері лауазымынан босатылды

Игорь Рахаев «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері лауазымынан босатылды

Украиндық маман Игорь Рахаев «Ақтөбе» ФК бас бапкері лауазымынан босатылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

Рахаев клубқа осы маусымның басында келген. Оның басқаруымен «Ақтөбе» он ойында бір-ақ рет жеңіске жетіп, тек 6 ұпай жинады. Осылайша тарихтағы ең төмен деңгейді көрсетті.

Қазір Қазақстанның бес дүркін чемпионы ел премьер-лигасы кестесінде қарағандылық «Шахтермен» қатар соңғы орында тұр.

«Ақтөбе» ФК жетекшілігіне үміткерлердің бірі Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов.

Ал 10 мамырда «Атырау» командасымен болатын матчқа команданы жергілікті маман  Игорь Прохницкий дайындауда.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *