Бастапқы бет / Басты жаңалықтар / Бердібек Сапарбаев «Жас Ақтөбе» жастар сыйлығының иегерлеріне 100 мың теңгеден берді

Бердібек Сапарбаев «Жас Ақтөбе» жастар сыйлығының иегерлеріне 100 мың теңгеден берді

023a4705

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Ақтөбеде Жастар балы өтті. Шараны облыс әкімдігінің қолдауымен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті ұйымдастырды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Кеш барысында өңір басшылығы атынан 10 мүкіндігі шектеулі жасқа 100 мың теңге сертификат пен құттықтау хаты табысталды.

Ал, белсенді 25 жас тұңғыш рет «Жас Ақтөбе» облыстық жастар сыйлығымен марапатталып, аймақ басшысының қолынан 100 мың теңге берілетіні туралы сертификат алды. Облыс әкімі өз кезегінде бұл шараның маңызы зор екендігін, әрі жастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқандығын атап өтті

Жастар балы өзінің ауқымдылығымен, сән-салтанатымен ерекшеленді. Кеш барысында еліміздің еңбек сіңген өнер қайраткері Марат Бисенғалиевтің басшылығымен алматының камералық оркестрі тарту жасап, өнер көрсетті. Эстрада жұлдыздары Мирас Пен Құралай ән шырқады.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *