қаңтар 11, 2018

Қауіпсіздік қызметі мен прокуратура құпия құжаттарды үйінде сақтаған полиция бастығын тергеп жатыр

Ақтөбеде Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Евгений Лазарев тұтқындалды. Ол уақытша тергеу қапасында отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы Евгений Лазаревтің бұрынғы әйелі күйеуіне қатысты шағым түсірді. Шағымда мемлекеттік құпия құжаттары мен оқ-дәрі сақталғаны жазылған. Арнайы комиссия құжаттардың құнын 22 миллион теңге деп бағалап отыр. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, полиция бастығы тұтқынға алынды. «Ақтөбе қаласының №2 сотына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық

Ақтөбенің түзету мекемелерінде жазаларын өтеп жатқандар Елбасы Жолдауын тыңдады

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауы барлық мекемелерде талқыланып, қоғам қайраткерлері қолдау білдіріп жатыр. Түсіндіру жұмыстары жабық мекемелерде де өтіп жатыр. «Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 мекеме әкімшілігі аталған мекемеде қоғамнан оқшауланған жазасын өтеуші сотталғандардың назарына толық жеткізді. Елбасы қойған ең басты әрі нақты мақсаттарды толық түсіндірді», — дейді жасақ бастығы Күнбаев.

Ақтөбеде қаза болған полицейдің әйелі батальон командирін жауапқа тартуды сұрады

Бүгін «Күзет» қызметкері Байбек Қарымсақовты жақындары мен достары ақтық сапарға шығарып салды. Шырылдап жылаған марқұмның әйелі журналистерден көмек сұраумен болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Денесін өткізу бекетінің ішінде отырған жерінен тапқан. Бытыра құлағының түбінен кіріп, маңдайын тесіп шыққан. Егер өзін атқан болса, маңдайынан шыққан бытыра әйнекпен қоршалған өткізу бекетіне де зақым келтіру керек еді. Денені көруге барған ағасы ол жерден бүлінген ештеңені көрмегенін айтты. Оны өлтіріп, сол жерге отырғызып қойған

Ілияс Испанов Ақтөбеде екі сәбиді қырқынан шығарып, шашы мен тырнағын алып берді

Ақтөбе қаласының әкімі әкесіз өсіп жатқан қос сәбиді қырқынан шығару рәсіміне қатысты. Осы кезге дейін 100-ден астам ананы қамқорлығына алған «Аналар үйінің» осы жолғы қонағы қала әкімі Ілияс Испанов болды. Әрқашан ұлттық жөн-жоралғылар жасалатын орталықта қала басшысы екі сәбиді қырқынан шығарды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Панақызы ұлдарымызды арнайы дайындалған қырық қасық суға түсірсе, кейін қала әкімі шашы мен тырнағын алды. Кішкентай екі бөбегіміз Ярослав пен Эльнур

Жолдау аясында Ауыл шаруашылығы министрлігіне үлкен міндеттер жүктелді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасының Жолдауы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар міндеттерді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі меморгандармен, облыс әкімдерімен бірлесе 1 наурызға дейінгі мерзімде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторларын қайта қарап шығып, оларға қол жеткізудің шаралар кешенін даярлап, Үкіметке нақты ұсыныстарды енгізуі тиіс», — деп тапсырды Б. Сағынтаев. Сонымен қатар ҚР АШМ тарапы Білім және ғылым министрлігімен, облыс әкімдерімен бірге аграрлық

Ақтөбеде қаза болған полиция қызметкерін ақтық сапарға шығарып салды

Ақтөбе әкімдігін күзеткен Байбек Қарымсақовты бүгін ақтық сапарға шығарып салды. Туған-туыстары полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағанына күмәнданып, қызмет орнын сотқа беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Екі баланың әкесі Байбек Қарымсақов 8 қаңтар күні әкімдік жанындағы өткізу бекетінде өз-өзіне қол жұмсаған болатын. ІІМ Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлап, сараптама тағайындалғанын мәлімдеген болатын. «Байбек жұмысына адал, ақкөңіл, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола

Ақтөбе облысында бастауыш сынып оқушыларының да орамал шешкілері жоқ

Алға ауданына қарасты Бестамақ орта мектебінде де ата-аналар орамалды шешуге қарсы болған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Айта кетейік, Бестамақ орта мектебіндегі орамал тағатындардың саны — 18. Араларында бастауыш сынып оқушылары да бар. Орамал шешуге олардың ата-аналары қарсы. «Біз ата-аналармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Тіпті, кішкентай бүлдіршіндердің балиғат жасқа толмағандарын айтсақ та түсінгілері келмейді», — дейді мектеп директоры Анар Ғасырқызы. Жалпы, Алға ауданы бойынша орамал тағатын оқушылардың саны 50-ге жуық. Көрнекі

Бақытжан Сағынтаев Елбасы Жолдауына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді

Бүгін 2018 жылдағы Үкіметтің алғашқы отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасының Жолдауына қатысты бірқатар тапсырмаларды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Сондықтан біз бүгін Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға жауапты мемлекеттік органдарды нақтылап алып, маңызды құжатты іске асыру үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауымыз қажет. Жаңа Жолдау Елбасымыз 2017 жылы жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» тұғырнамасын ары қарай дамытады. Мақсатымыз өзгеріссіз

Қазақстанның төрт өңірінде жол жабылды

«Қазақавтожол» РМК дерегі бойынша Қазақстанның төрт облысында жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. Осылайша Астанада сағат 01:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына (желдің күшеюі, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты барлық көлік құралдары үшін барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу қойылды. Ақмола облысында таңғы сағат 08:30-дан бастап ауа райының күрт құбылуы салдарынан барлық көлік құралдарының түрлері үшін жолдар жабылды. Қарағанды облысында 08:00-ден бастап боран мен көру мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін

Акимат области и производители стройматериалов подписали меморандум о сотрудничестве

Актюбинская область готовится к дальнейшему росту объемов строительства. Отметим, благодаря эффективной реализации государственной программы «Нурлы жер» в 2017 году в эксплуатацию в регионе введено более 780 тыс. кв. метров жилья, свыше 6200 семей отметили новоселье. «Прошлый год был рекордным в плане строительства. Летом – в пиковый сезон, возникала нехватка кирпича. Приходилось поставлять не только из соседних регионов, но и из России. В этом году, согласно поручению акима области Бердыбека Сапарбаева,