қаңтар 9, 2018

Ақтөбеде көрпе мен терезе жапқыштарға дейін жеп қоятын жүйкесі жұқарған балаларға арнайы көмек көрсетіледі

Ақтөбе қаласында ашылған оңалту орталығында бүгінде 60-тан аса бала тұрып жатыр. Онда 4 пен 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Орталықта арнайы дағдарыс бөлмесі бар. Психикасы күйзеліске ұшыраған балалар оқшау бөлмеде бақыланады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Мен өзім осындай мүгедек балалармен жұмыс жасағаныма бес жылдай уақыт болды. Бұрын бізде арнайы орталық болмайтын. Науқас балаларға тек күндізгі емді ғана көрсете алатын едік. Мүгедек балалар мәселесі көтерілгенде ата-аналарға үнемі арнайы орталық ашатынымыз туралы

Ақтөбеде Құран және азан оқудан республикалық жарыстар өтеді

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне 10 жыл толуына байланысты республикалық Құран және азан оқу жарыстары өткізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Биыл «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында республикалық Құран және азан жарыстары секілді ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жайлы «Іс-қағаздар жүргізу тәртібі» атты мешіт қызметкерлеріне арналған облыстық оқыту семинарында талқыланып пысықталды. 2008 жылы қасиетті рамазан айында  орталық мешіттің ашылу салтанатына екі ел – Қазақстан мен Ресей Президенттері Н.Ә.Назарбаев

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер көрсетудің проактивті принципіне өту кезеңі басталды

2017 жылғы 29 желтоқсанда бала тууға байланысты мемлекеттік қызметті проактивті тәсілмен ұсыну бойынша пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын бұл жобаға сәйкес мемлекет халықты олардың қажеттіліктерін алдын-ала юолжап, тиісті қызметтер және сервистермен дер кезінде қамтамасыз етеді. Алғашқы кезеңде проактивті принцип адамның өмірге келуіне қатысты қызметтер бойынша жүзеге асырылды. Жаңа босанған анаға автоматты түрде оның сәбиіне беретін аты-жөні сұратылған хабарлама келеді.

Ілияс Испанов үкіметтен арзан үй алып, оны жалға беретіндерді "қуып шығатынын" ескертті

Ақтөбеде мемлекеттен жеңіл жолмен үй алып, өзгелерге жалға бергендер пәтерлерінен шығарылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың тапсырмасына сай, коммуналдық меншіктегі үйлерді мемлекеттен жалға алған азаматтардың ол үйлерде өздерінің тұруы және коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеуі тексерілді. «Негізінен, аталған азаматтар жалға алынған үйлерде өздері тұрады. Алайда, келісім шартта көрсетілмеген тұлғалардың тұруы жайттары да анықталды. Ол жайттар бойынша келісім шарттар бұзылып, пәтерлер басқа мұқтаж азаматтарға берілетін болады», — деп

Ақтөбеде саяжай аумақтары жеке тұрғын үй құрылыстарына айналып жатыр

Ақтөбеде қала маңындағы бау-бақша ұжымдарының нысаналы мақсаты өзгертіліп жатыр. Енді саяжайлардың кейбіріне жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге болады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласы маңындағы саяжайларды түгелдеп, кейін құрылыс талаптарын орындаған аумақтардың нысаналы мақсаты өзгертіліп жатыр. Ақтөбе қалалық әкімдігі құрылыс ережелерін сақтаған «Актюбсельмаш-6», «Ұстаз» бау-бақша ұжымдарының нысаналы мақсатын өзгерту құжаттарын рәсімдеуді бастады. Өңірде барлығы 30 саяжай ұжымымен кездесу өткізілген. Өткен жылы барлығы 500 үй бау-бақша ұжымынан шығарылып, нысаналы мақсаты жеке

Ақтөбеде тағы бір спорттық-патриоттық клубы ашылды

«Нұр Ақтөбе» ауданында Ауған соғысы интернациалист жауынгерлері қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен «Намыс» спорттық-патриоттық клубы ашылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Мұндай нысан өскелең ұрпақтың елге, қалаға сүйіспеншілігін арттыруға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, олардың психологиялық тұрақтылығын дамытуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді», — деді қала басшысы Ілияс Испанов. Клуб «Нұр Ақтөбе» ауданындағы №11 үйдің төменгі қабатында орналасқан.

Ақтөбелік журналист мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлер айналасында шу болып жатқанын хабарлады

Ақтөбелік журналист Шара Тұрмағамбетова Ырғыз ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында салынып берілген үйлер айналасында дау-дамай туындап жатқанын хабарлады. Әлеуметтік желідегі парақшасында журналист «бес баласы бар адамға бір бөлмелі пәтер, жалғызбасты адамға төрт бөлмелі пәтер берілген» туралы жазды. «Кірмесеңдер қайтып аламыз» деген соң, жұрт жаппай кіріп, терезе жапқыштарын ұстап қойды. Жылу жоқ, аула жоқ. Біздің айқайымыздан кейін қаздай тізіп мынадай дәретханалар салып берді. Ал үйдің ішкі сапасы мынау. Ощым, әжетханаға тұруға болатын

Ақтөбеде әскери қызметкерлер мұқтаж жандарға қан тапсырды

Ақтөбеде әскери қызметкерлер қан тапсырды. «Көмек қолын соз» акциясына облыстық қорғаныс iстерi жөнiндегi департамент қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Аktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде әскери қызметкерлер мұқтаж адамдарға көмек көрсету, донор мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Көмек қолын соз» акциясы өткізді. Акцияға Ақтөбе облысы қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi мен Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасының әскери қызметкерлері қатысты. «Әскери қызметкерлер адам өмірін сақтап қалу, қан қорын жинақтауға үлес қосты. Олар акция арқылы өзге адамдарға үлгі

Бердібек Сапарбаевтың суретін салған балалар үйінің тәрбиеленушісі әкімге туындысын табыстағысы келеді

Мәртөк ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі Сергей Федин облыс әкіміне алғысы ретінде өзі салған суретті сыйлағысы келеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Аудандағы өнер мектебінің оқушысы Сергейдің жасы 14-те. Сурет салуға әуестігі бар балалар үйінің тәрбиеленушісі облыс әкіміне құрмет ретінде портретін салған. «Сурет салуға 4 күн уақытымды жұмсадым. Ерекше шеберлігімді қосып, әдемі шығу үшін барымды салдым. Біздің үйдің ашылуында болған Бердібек Сапарбаев біз үшін ерекше тұлға. Егер облыс әкімі Мәртөк

Ақорда: Нұрсұлтан Назарбаев бүгін кешке маңызды мәлімдеме жасайды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев маңызды мәлімдеме жасайды. Бұл туралы отандық БАҚ Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап хабарлады. Видеоүндеу 9 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 19-00-де (Ақтөбе уақытымен 18-00-де) «Хабар» мен «Еуразия» арналарынан көрсетіледі.