04.09.2017

Ақтөбе облысының әкімі «Нұрлы жер» мен «Нұрлы жол» бағдарламаларын шатастырмауды сұрады (ВИДЕО)

Ақтөбе облысының әкімі «Нұрлы жерді» «Нұрлы жол» бағдарламасымен шатастырмауды сұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгін, дүйсенбі күні Ақтөбеге Павлодар қаласы әкімі бастаған делегация келді. Көрші облыстың қонақтары Ақтөбедегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жылдам салынып жатқан үйлерді қарады. Рейд барысында павлодарлық шенеуніктер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты кездейсоқ кездестірді. Белгілі болғандай, ол ...

Толығырақ »

Билік тармақтарының бастама көтеруі тым әлсіз — Назарбаев

Билік тармақтарының бастама көтеруі тым әлсіз. Бұл туралы бүгін 6-шы шақырылған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін Парламент жаңа жағдайда өз жұмысын бастайды. Оның палатаралы мен Үкіметке қосымша өкілеттілік, демек жауапкершілік жүктеліп отыр. Ашығын айтайын, билік тармақтарынан бастамалар өте әлсіз көтеріледі. ...

Толығырақ »

Ақтөбеге іссапармен келген шенеунік «Павлодарда жоқ-жоқ, Екібастұзда жоқ-жоқ!» деп шырқай жөнелді

Ақтөбедегі әлеуметтік нысандарды аралаған Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов танымал әнші Ерке Есмаханның әнін өздігінше орындады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгін павлодарлық делегация Ақтөбедегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралады. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тұрғызылып жатқан нысандарды қарап шықты. Делегацияны басқарған Павлодар ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысында аурухана ғимаратында оқып келген балалар су жаңа мектептің табалдырығын аттады

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаңа мектеп бой көтерді. Аудан орталығы Қандыағаштағы №1 қазақ орта мектебінің түрінен адам шошитын. Апатты жағдайда болғанына қарамастан, онда балалар екі ауысыммен оқып келді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Соңғы екі жылда балалар аудандық аурухана ғимаратында білім алды. №1 қазақ орта мектебінің жарты ғасырдан астам тарихы бар. ...

Толығырақ »

«Иванушки» тобының әншісі Ақтөбедегі «элиталы» қонақүйді сынап тастады (ВИДЕО)

Танымал ресейлік «Иванушки» тобының әншісі Андрей Аполлонов гастрольдік сапармен Ақтөбеге келіп, ондағы қымбат қонақүйлердің бірінде еш жағдай жасалмағанын айтып, наразылығын білдірді. Ол тіпті арнайы видео түсіріп, оқырмандарына жолдады деп хабарлайды NUR.KZ. Андрейдің айтуынша, сырт көзге өте әдемі етіп безендірілген бөлмеде телефон да, теледидар да істемейді. Ал әкімші қыз оған өзінің ...

Толығырақ »

Ала жаздай құрылысшыларға «маза бермеген» Сапарбаев білім күні де жаңа мектептерден мін тапты

Ақтөбеде биыл бірнеше мектеп құрылысы қатар жүрді. Жаз бойы Бердібек Сапарбаев құрылыс алаңдарынан шықпай, мердігер компанияларға «маза бермеді». Екі-үш ауысыммен жұмыс істеген құрылысшылар жаңа оқу жылына үлгеруі тиіс болатын. Білім күнінде Ақтөбе облысында 8 жаңа мектепте алғашқы қоңырау үні естілді. Облыс басшысы Ақтөбеде үш мектептің және Қандыағаштағы білім ордасының ашылуына ...

Толығырақ »

Гүлсім Юсупова, әнші: Саябаққа концерт көруге келген көрерменді филармония залынан көргіміз келеді

Әнші Гүлсім Юсупова қазір Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония әншілерінің көркемдік жетекші қызметін атқарып жүр. Ол қалада ұйымдастырылып жатқан концерт, байқауларға жауапты маман. Бір кездері сахнадан жиі көрінетін өнер жұлдызы неліктен ұйымдастырушылық бағытты таңдағанын Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді. Ақтөбеліктерге, еліміздің өнерсүйер қауымы үшін Гүлсім Юсупова есімі жақсы таныс. Ол 90-шы ...

Толығырақ »

Жол мәселесінен шаршаған Қандыағаш тұрғындары жаңа асфальтты көріп сенер-сенбесін білмей қалды

Қандыағаштың тұрғындар арасында Финск атанып кеткен ауданында жаңадан асфальт төселген. Оған жергілікті халық сенер-сенбесін білмейді. Бұл туралы жаңа жолды облыс басшысына көрсетіп жатып аудан әкімі Ербол Данағұлов айтып берді. «Бұл жерде өмір бойы дұрыс жол болмаған. Адамдар «мүмкін емес» таңданыстарын жасыра алмай жатыр», — дейді Мұғалжар ауданының басшысы облыс әкіміне. ...

Толығырақ »