14.08.2017

Ақтөбелік оқушының үкіметке қояр жұмбағы: «Екі жылда бір боталайтын түйеге несие неге бір жылға беріледі?»

Ойыл ауданының тұрғындары баспаналарын кепілге қойып, 3 млн теңгеге несие рәсімдеп, түйе малын алған. Алайда, жануардың екі жылда бір боталайтынын алға тартқан олар банк тарапынан да несиені кемі екі жылдан кейін қайтару талап етілсе деген ұсыныс білдіріпті. Бұл туралы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа Ойыл қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы ...

Толығырақ »

Жағымсыз иіс дауынан соң Ақтөбе облысының басшылығы арақ алпауыттарын да тексере бастады

Таяуда болған жағымсыз иіс дауынан соң Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев арақ алпауыттарын да тексеруге кірісті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс басшысы 41 разъездегі «Максимус» серіктестігінде болып, ондағы ахуалмен танысты. Рас, зауыт басшылығы, иісті болдырмау үшін шаралар қолға алып жатқанын қайталаумен болды. Сапарбаевтың сауалдарына олар мардымды жауап қата алмады. «Сендердің ...

Толығырақ »

Сапарбаев ақтөбеліктердің санын миллионға жеткізудің жолдарын айтты

Өңір басшысы бұл тапсырманы жаңа орынбасарына жүктеді. Бердібек Сапарбаев 800 мыңнан сәл асатын Ақтөбе халқының санын сегіз жылда 1 миллионға жеткізбек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Әкім халық санын арттырудың бір жолы көрші өңірлерден мамандарды көшіріп әкелу екенін айтты. «Қазір Ақтөбеге көшіп келіп жатқандардың саны көп. Көрші мемлекеттерден адамдар шақыруымыз керек. ...

Толығырақ »

Ақтөбеде Тимур Құлыбаевтың қолдауымен спорт кешені салынады

Қазақстанда жоқ ғимарат бірінші рет Ақтөбеде салынғалы тұр. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады. Облыстық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген міндеттер бойынша баяндама жасаған облыс әкімі спорт саласы үшін әлі де ұялатынын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Спорттың  нәтижелері бізді қанағаттандырмайды. Мен әрдайым айтамын, ұят. Спорттан чемпиондар дайындай ...

Толығырақ »

Сапарбаевты шалғай ауылға шақырған қарапайым тұрғын тілегінің орындалғанын білгенде көңілі босап кетті

  Ойыл ауданының Құмжарған елді мекеніне ат басын тіреген Бердібек Сапарбаев бұл жаққа қарапайым тұрғынның шақыртуымен келгенін жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Өткенде аудан орталығында (Ойыл ауылында — ред.) кездесу кезінде Ләззат есімді апай «Әкім мырза, біздің ауылға келіп кетіңіз» деген болатын. Ондағы жайтты көзбен көру үшін арнайы келіп отырмын» ...

Толығырақ »

Бүрге шабуылынан кейін Ақтөбедегі балабақшалар тексерілетін болады

Ақтөбедегі барлық жеке балабақшаларға тексеріс жүргізілетін болды. Тексеріс құрамында білім басқармасының мамандарымен қатар, ардагерлер мен билік партиясының мүшелері де бар. Бұл туралы Aktobenews.kz тілшісіне білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. «Ақтөбенің жеке балабақшаларын арнайы құрылған жұмыс тобы тексеретін болады. Алдағы аптада қаладағы жеке балабақшаларға арнайы құрылған жұмыс тобы мониторинг жасауды жоспарлап ...

Толығырақ »

Бірінші топтағы мүгедек қырғыз жігіті анасына салмақ түсірмес үшін Ақтөбеде қарттар үйінде жатыр

34 жастағы қырғыз жігіті жеті жылдан бері қарттар үйін паналап жүр. Ұлан І топ мүгедегі. Ол өзі туралы кей ақпараттардың жасырын қалғанын қалады. Айтуынша, жалғыз тұратын анасына салмақ салмау үшін интернатқа өзі келген. Басына түскен жайтты ол Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді. «Менің ұлтым қырғыз, анам қазақ. Қырғызстанда тудым. Кішкентай кезімде ...

Толығырақ »

Мәртөк ауданы басшылығы Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге баспана беруге әзір

Мәртөк ауданы Ақтөбе қаласында «Қаладан ауылға» атты бастаманы көтерді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қалалық әкімдікте «Туған жерім – нұрлы елім» Мәртөк ауданы күндері аясында «Қаладан ауылға» атты бастама бойынша Ақтөбе қаласында тұратын азаматтарды Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдесу бойынша кеңес өтті. «Махамбетовка», «Кривое озеро» және су ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысының фермерлері ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуде

Ақтөбе облысында мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда ауыл шаруашылығы кооперациясы белсенді жүзеге асырылуда. Сонымен, бүгінде өңірде 171 ауылшаруашылық кооперативі құрылса, оның 95-і ет, 19-ы сүт, 5-еуі көкөніс және т.б. өндіру бағытында, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы кооперативтері 2 711 жеке қосалқы шаруашылықты, 108 фермерлік шаруашылық пен 30 ...

Толығырақ »

Ерке Есмахан Ақтөбедегі тыңдармандарына қатысты: «Ешқандай жабайылық емес, бұл сүйіспеншілік»

Ақтөбедегі тыңдармандарын сынағандарға танымал әнші Ерке Есмахан жауап берді. Сахнаға баса көктеп мініп кеткен ақтөбеліктерге қатысты ол өзінің инстаграмдағы парақшасында «Ешқандай жабайылық емес, бұл сүйіспеншілік» деп жазған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Президент паркінде құрылысшылар мерекесіне орай концерт берген ол жерлестерінің ықыласы мен қошеметіне дән риза болғанын жазады. «Әріптесіммен (Төреғалимен — ред.) ...

Толығырақ »