11.08.2017

Ақтөбеде бұрын-соңды болмаған концерт: Төреғали мен Еркенің фанаттары сахнаны басып алды (ФОТО, ВИДЕО)

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің ақтөбелік фанаттары сахнаны басып алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бірнеше әнді дуетпен орындап жүрген танымал жұлдыздар Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы саябақта құрылысшылар мерекесіне арнайы келген болатын. Тегін концерттің болатыны жөнінде бірнеше күн бұрын инстаграм желісінде хабар тараған еді. Соңғы кезде хит әндер орындап жүрген қос ...

Толығырақ »

«Халықаралық Полиция Қауымдастығы» бірлестігі Ақтөбе облыстық ІІД ардагерлерімен жұмыс істемек

«Халықаралық полиция қауымдастығы» республикалық бірлестігінің Ақтөбе филиалы 2015 жылдан бастап ресми жұмыс істей бастады. Қазір тәртіп сақшыларының беделін көтеріп, халықпен тығыз байланыс орнатуға өзара ықпал етуді көздеп отыр. «Халықаралық полиция қауымдастығы» бүкіл әлем бойынша түрлі форумдар мен сайыстар өткізіп, әлемдегі тәртіп сақшыларының өзара ынтымақта жұмыс істеуіне оң ықпал етеді. Қордың ...

Толығырақ »

Қауын-қарбыз егіп аты шыққан ақтөбелік дихан ендігі уақытта асқабақ өсіріп көрмек (ФОТО)

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылының тұрғыны Спартак Төремұраттың бақшасындағы өнім биыл жақсы шығып, осы күндері қауын-қарбызының саудасын қыздырып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Биыл дихан 150 тонна өнім алуды көздеп отыр. «750 мың теңге шығындандым. Әдетте, бірме-бір пайда көремін. Қарамағымда 30 жұмысшы бар. 15 жастағы балаларды да еңбекке баулып ...

Толығырақ »

Ақтөбе қаласының басшысы Ілияс Испанов триатлоннан жарысқа қатыспақ

19 тамыз күні қала әкімі Ақтөбе су қоймасында 200 метрге жүзеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Жарысқа қатысуға әкімнің өзі тілек білдірді. Ол спортшы ғой. Әкім аптасына екі рет «Достық» бассейнінде жаттығады. Ол тіпті қашықтыққа жүгіре алады. Ақтөбе су қоймасына барып, тескеріп те көрдік», — дейді қалалық спорт бөлімің басшысы Евгений ...

Толығырақ »

Әйеліне абайсызда пышақ сұққаны үшін сотталған ақтөбелік несие алып, жеке кәсібін ашқан

2015 жылы сотталған 34 жастағы ақтөбелік 5 жылға бас бостандығынан шектелген еді. Қазір ол «Пробация Үйі» жобасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны пайдаланып, қой сатып алған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Жұмабек Ізғалиевтің айтуынша, Әйтеке би ауданында бұрын сотталған үш адам жеке кәсібін ашуға тілек білдірген. Оның ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысының сауда орындарында ет-сүт өнімдері экспресс-сараптаудан ақысыз өткізіледі

Ақтөбе облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Шалқар, Мұғалжар және Алға аудандарында «Қауіпсіз тағам  таңда» атты шара аясында ет-сүт өнімдерін экспресс-сараптаудан ақысыз өткізеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Шара барысында Ұлттық сараптама орталығы тұрғындар сатып алған сүт, ет, балық өнімдерінің термоөңделуінің сапасы мен балдың табиғилылығын тексереді. Сонымен бірге, сары май, маргарин, өсімдік майларының ...

Толығырақ »

Ұшақ апатында қайтыс болған жігіттің әйелі бір айдан кейін босанғалы отыр

Алматы облысындағы ұшақ апатында мерт болған жігіттің келіншегі өзінің әріптесі. Олардың үйленгеніне де көп болмапты. Енді бір айдан кейін тұңғыштары дүниеге келгелі отыр екен, деп жазды КТК арнасы. Ішінде болған инструктор-ұшқыш пен курсант сол жерде қаза тапты. Олар ұшақтан шыға алмай тірілей жанып кеткен. Марқұмдардың аты-жөндері белгілі. Ұшқыш 40 жастағы ...

Толығырақ »

Тасмағамбетовтың қызы Ақтөбеде салып берген жетімдерді бейімдеу орталығы өзге облыстарда да салынуы мүмкін

Иманғали Тасмағамбетовтың қызы мен күйеу баласы салып берген «Мейірім» жобасы еліміздің өзге өңірлерінде де салынуы мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Вице-министр Асқар Маминнің Ақтөбеге сапары аясында осындай ойлар айтылды. Айта кетейік, «Сәби» қайырымдылық қоры 1,5 млрд теңгеге салып берген «Мейірім» үйінде бүгінде балалар үйінің 16-29 жастағы 88 түлегі тұрып жатыр. Облыстық ...

Толығырақ »

Қазақстандағы барлық облыс әкімдерінің орынбасарларына Ақтөбедегі пилоттық жобалар таныстырылды

Қазақстандағы барлық облыс әкімдерінің орынбасарларына Ақтөбеде жүзеге асырыла бастаған пилоттық жобалар таныстырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Вице-министр Асқар Мамин бастаған делегация құрамында еліміздегі барлық өңір басшыларының орынбасарлары да бар. Оларға Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында салынып жатқан жобалардың құрылыстарымен танысты. Өз кезегінде, облыс басшыларының орынбасарларына Ақтөбедегі шенеуніктер соңғы жетістіктерді көрсетіп, ...

Толығырақ »

Ақтөбеде «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» құбырлар шығара бастады

Ақтөбеге сапары аясында вице-министр Асқар Мамин бастаған делегация таяу уақыттан бері мұнайгаз жабдықтары мен құбырлар шығара бастаған кәсіпорында болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС жобасының жалпы құны 5 млрд теңге. Бүгінде мұнда 80 адам жұмыс істейді. Инвестицияны қытайлық «Shenguan Technology Co Ltd» құйған. Зауыт өнімі Қазақстан, ...

Толығырақ »