бейсенбі , 24 тамыз 2017

04.08.2017

Ақтөбенің газ құю бекеттеріндегі отынның тапшылығына байланысты жергілікті билік түсініктеме берді

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов Ақтөбе қаласындағы кейбір газ құю бекеттеріндегі газ тапшылығына байланысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлады Aktobenews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, көгілдір отынның уақытша тапшылығы өңірдегі газ нарығында ҚР энергетика министрлігімен аккредитацияланған жаңа компанияның пайда болуына байланысты. «Нарықтың жаңа қатысушысы қажетті теміржол инфрақұрылымына ...

Толығырақ »

Ақтөбедегі «Аңсар» орталығының жетекшісі қажылықта өзге ағымдағы адамдарға жақындамауға кеңес берді

Орталықтың жетекшісі Жандәулет Сүлейменовтың сөзінше, Мекке қаласындағы әуежайда сәнді ақ шапанға оранған шейхтер қарсы алып, уағыздарын айтуы мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Теологтың пайымынша, шейхтар «Ақтөбеде мен де болдым» деп қасына шақырып алып, баурап алуы ықтимал. Жандәулет Сүлейменов қажылыққа аттанғалы отырған ақтөбеліктерді сақ болуға шақырды. Оның айтуынша, Меккедегі әуежайдың ішінде-ақ ...

Толығырақ »

Ақтөбе жылыжайларында өсіріліп жатқан қызанақ өңір сұранысының 85 пайызын қамтамасыз етіп отыр

Ақтөбе жылыжайларында өсіріліп жатқан қызанақ өңір сұранысының 85 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Бірер жылда жылыжай кешендерінің аумағы кеңейіп, сұраныс толық өтеледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбедегі «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС-нің жылыжайы сәуірде іске қосылып, 2,5 мың тонна қызанақ сатуға шығарылды. Өнімнің тең жартысы ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бөлініп, өзгесі Ресейге экспортталып ...

Толығырақ »

Ақтөбеде жыл басынан бері адам саудасына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды

2017 жыл басталғалы Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен адам саудасына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Олардың ішінде кәмелетке толмағандар саудасы — 1, еңбекке қанау мақсатында адам сатқаны үшін — 2 қылмыстық іс, еңбекке қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру бойынша 2 ...

Толығырақ »

Қазақстанда 2017 жылы білім грантына үміткерлер саны 1,5 есеге көп

Қазақстанда білім грантына 63 мыңнан астам адам үміткер, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінен. «Білім гранттарын тағайындау конкурсына 63169 адам өтінім ұсынған, соның ішінде 49858 адам қазақ тілінде, 13311 адам орыс тілінде. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы аясында студенттерді квотамен оқыту конкурсына 9148 адам қатысады», — делінген жұмадағы ...

Толығырақ »

Сот «Иегова куәгерлерінің» апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

Алматы қалалық соты «Иегова куәгерлерінің христиандық орталығы» діни ұйымының апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастады. Діни ұйым 29 маусымда өзінің қызметін тоқтату туралы шешім шығарған Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен келіспей, апелляциялық шағым берген. Әкімшілік сот «Иегова куәгерлерінің христиандық орталығы» орналасқан ғимаратты қауіпсіздік шарттарына сәйкес емес деп танып, » 680 мың ...

Толығырақ »

Ақтөбеде сотталушы түрмеден қашып, прокурорларға көрген қорлығы жайлы айтып берген

Ақтөбенің соты қоныс колониясының үш қызметкеріне үкім шығарды. Олар сотталушыға қорлық көрсетіп, әбден азаптаған деп жазады Тengrinews.kz. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев мәлімдепті. Тергеу ісінің материалдарына сәйкес, қоныс колониясының үш қызметкері — жедел уәкіл, аға бақылаушы және жедел атқару бөлімі басшысының орынбасары сотталушының аяқ-қолын есікке керіп ...

Толығырақ »

Ақтөбеде өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдарды мектеп жасынан анықтау жұмыстары қолға алынды

Ақтөбелік зерттеушілер 100 мың адамның 28-і суицидке бейім екенін анықтады. Ғылыми жоба авторы Жанна Қадырова өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдарды мектеп жасынан анықтау жұмыстарын қолға алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.  Ақтөбелік ғалымдар ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру жұмыстарын қолға алған. Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсаумен күрес жолдары зерттеліп жатыр. ...

Толығырақ »