маусым 9, 2017

Сапарбаев сенбіліктерге тек дәрігерлер мен мұғалімдерді шығара алатынын айтты

  Ақтөбе облысының басшысы жүрген жерінде міндетті түрде тазалық туралы айтады. Соңғы он күнде Ырғыз, Шалқар, Темір аудандарын аралаған ол осы әдетінен танбай, айналаны таза ұстау керектігі жөнінде әңгімеледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Шұбарқұдық кентінің тұрғындарымен кездескен ол биліктің сенбіліктерге тек дәрігерлер мен мұғалімдерді шығаруға күші жететінін меңзеді. «Айналаны таза ұстау керек. Сол үшін тазалық шараларын өткіземіз. Алайда, сол сенбілік атаулыға тек дәрігерлер мен мұғалімдерді, бюджеттік сала қызметкерлерін шығара аламыз.

Ақтөбеде баласын сәбилер үйіне уақытша қалдырған 10 анаға іздеу жарияланды

Ақтөбедегі «Үміт» сәбилер үйінде қазір жаңа туған нәрестелерден бастап, 5 жасқа дейінгі 59 бала тәрбиеленіп жатыр. Барлығының да ата-анасы тірі. 25 бүлдіршіннен әке-шешесі мүлдем бас тартқан. Балалар үйінің тәрбиешілері тастанды сәбилердің анасы 21-25 жастағы қыздар екенін айтты. «Қазір бізде 59 бала бар, жартысы мүгедек. Балалар жасы мен жағдайына байланысты әртүрлі топқа бөлінген. Орталықтағы 59 баланың 25-нің мүмкіндігі шектеулі. Даун синдромы, сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндер бар. Ауру балалардың ата-анасы бас тартып,

Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін ашық деп жариялады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ашық деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қадірлі қауым! Осымен ЭКСПО-2017 көрмесін ашық деп жариялаймын. Әлем  жұртшылығы мен барлық  отандастарымды көрмені  тамашалауға шақырамын. Ұлы даланың төріне қош келдіңіздер!» — деді Елбасы. Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне 17 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысты. Олардың арасында Чехия Республикасының Президенті Милош Земан,Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев,

Ақтөбе облысының Шұбарқұдық ауылында 20 жылда бір мектеп салынбаған

Облыс әкімі Темір ауданындағы сапарында әлеуметтік мәселелерді көтерді. «2019 жылы Ақтөбе облысының барлық елді-мекенін медициналық бөлімшемен қамтамасыз етуге тиіспіз. Темір ауданында 4 медициналық бөлімше салынуға тиіс. Білімге байланысты күрделі мәселелер жоқ. 2020 жылы облыстағы апаттағы және үш ауысымды мектептер санын жоюымыз керек. Шұбарқұдықта 20 жылдан бері мектеп салынбаған. Қаржы бөлдік, енді құжат жағын тездетуіміз керек. Шұбарши ауылында да жаңа мектеп құрылысы басталады», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Өңір басшысы

Сапарбаев Темір ауданындағы діни жағдайдың әлі де нашар екенін айтты

Ақтөбе облысының Темір ауданына барған облыс әкімі халықтың жағдайымен танысты. Діни жағдайы күрделі ауданда басқа ағым жетегінде жүрген 500-ге тарта  адам бар. Облыс әкімі ауыл тұрғындарын билікке қарап отырмай, қоғам дертімен бірлесе күресуге шақырды. «Өткен жылы болған, 2011 жыл, оның алдындағы болған оқиғалардан тиісті, нақты нәтиже шығаратын уақытымыз келді. Басқа діни көзқарастағы адамдарды түзеу үшін қоғамды, әжелерді пайдалану керек. Әжелер қара жамылып жүрген қыздармен сөйлесуге тиіс. Қазір жасалып жатқан жұмысты

Ақтөбедегі Мұнайшылар лагеріне көп балалы отбасылар мен жалғызбасты аналардың балаларына жолдама берілді

Қала шетіндегі «Нефтянник» балаларға арналған сауықтыру лагерінде демалыс маусымы басталды.  3 маусымнан бастап 2000-нан аса бала жазғы демалысқа жолдама алған. Онда тек мұнайшылардың ғана балалары емес, көп балалы, жалғызбасты отбасылардың да балалары бар. Олар бір-бірімен танысып, ортаға үйреніскеннен кейін ұйымдастырушылар лагерьдің салтанатты ашылуын ұйымдастырды. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жыл сайын балаларға арналған жазғы демалыс маусымын ұйымдастырады. Бұрын біз де пионер лагері болатын, қазір «Нефтянник» балалар сауықтыру лагері болып өзгертілді.  1980 жылдан бастап

Астана саммитінде ШЫҰ-ның жаңа тарихы басталады - Нұрсұлтан Назарбаев

Елордадағы Тәуелсіздік сарайына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары ұйым кеңесінің шағын құрамдағы отырысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Осында отырған барлықтарыңыздың атынан Президент болып сайланғаннан кейін біздің Мемлекет басшылары кеңесімізге алғаш рет қатысып отырған Шавкат Мирзиеевке айрықша хош келдіңіз демекпін және оған қызметінде және бірлескен жұмысымызда зор табыстар тілеймін. Ағымдағы жылы ШЫҰ-ға 16 жыл толады. Осындай сәтте тарих еске түседі. 5 мемлекет Қытай Халық

Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасындағы жол жөнделе бастады

Ақтөбеден Болгарка арқылы Шұбарқұдыққа апаратын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделе бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Жолдың жалпы ұзындығы 190 шақырым. Оның бестен бір бөлігіне асфальтбетон төселген. Осыншама бөлігінде топырақ-тас араласқан. 103 шақырымы қиыршық тастан тұрады. Жолдың салынғанына 40-50 жыл болып қалса керек. Аталған жолмен Бердібек Сапарбаев алғаш рет жүріп өтті. Облыс басшысы Темір ауданына жұмыс бабымен барарда арнайы осы жолды таңдаса керек. Бүгінде аталған жол аралығында жөндеу жұмыстары қолға

ОҚО-да алаяқтыққа күдікті полицей ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар болуы мүмкін полицейді ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Арыс ауданының тұрғыны полицейлердің қиыршық тасты өз бетінше пайдаланғаны үшін 300 мың теңге талап етіп отыр деп арызданған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде Арыстың 1980 жылы туған АІІБ қызметкері ұсталды. Қазір полицей қамауда отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу

Бердібек Сапарбаев: Үкімет ұйықтап отырса, мен телефоннан "барлығы жақсы" деп кабинетте отырар едім

Темір ауданына жұмыс сапары аясында Бердібек Сапарбаев халықпен кездесті. Кейбір тұрғындардың «Үкімет ұйықтап отыр» деген пікіріне облыс басшысы өз ойын жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Егер үкімет ұйықтап отыратын болса, Сапарбаев кабинеттен шықпай, телефон арқылы «барлығы жақсы» отырар еді. Үкімет ұйықтаса, елдің жағдайы осындай болмас та еді. Қараңыздар, 25 жыл бұрын халықтың жағдайы қандай болды, қазір қандай?! Осының барлығы үкіметтің ұйықтамай жұмыс істегенінің арқасы», — деді облыс басшысы. Бердібек Сапарбаевтың