06.06.2017

Рамазан айында Ақтөбеде нан тегін таратылып, тегін таксилер қызмет көрсете бастады

Рамазанда Ақтөбе қаласындағы Рауан елді мекенінің тұрғыны Қайрат Қалдыбаев бастаған игі іс жалғасын тауып, алғалықтар да тұрғындарға тегін нан тарата бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бұл бастаманы бірінші болып Алға аудандық мешітінің имамдары мен жамағаты қолға алған. «Өз араларында аз-кем ақша жинаған олар дүкен сөрелеріндегі нанды сатып алып, дүкен ішінен ...

Толығырақ »

Ақтөбеде транзиттік жолда жүк көліктері түйісіп, жүргізуші қаза болды

Оқиға 5 маусым күні Өрлеу ауылына барар жолда тіркелген. «Камаз» бен «Уаз-Патриот» маркалы көліктер түйісіп, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. «Өрлеу ауылы арқылы өтетін транзиттік жол бойында жол-көлік оқиғасы тіркелді. 5 маусым күні түскі 1:35 шамасында жол-көлік апаты болған. Екі автокөлік түйісіп, бір ...

Толығырақ »

Ақтөбеліктер бір жыл бұрын болған лаңкестік шабуылдың құрбандарын еске алды

Ақтөбеде былтыр болған лаңкестік шабуылдың құрбандарын еске алды. №6655 әскери бөлімде осы күнге орай шеру ұйымдастырылды. Бір минут үнсіздік жарияланып, әуеге бірнеше мәрте оқ атылды. Шараға қорғаныс, құқық қорғау, мемлекеттік билік саласы мен азаматтық қоғам өкілдері, әскерилердің туыстары қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ әскери бөлім ауласындағы ескерткіш-монументке гүл ...

Толығырақ »

Қызылорда облысында 12 мың гектар алқапты шегіртке жайлады

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 12 мың гектар жерді италиялық прус шегірткесі жайлады. Азық талғамайтын жәндіктер негізінен құмды аймақтарда төбе көрсеткен деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы. Бүгінде өңірде аталған зиянкестерге қарсы жаппай улау жұмыстары жүріп жатыр. Қазір Қазалы өңірінде қаптаған шегірткенің көзін жоюға 4 арнайы техника мен 1 дельтаплан тартылған. Енді 10 ...

Толығырақ »

ҚР Президенті ҰҚК басшысына «ЭКСПО-2017» көрмесінде қауіпсіздікті бақылауды тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі және осы кезеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында ...

Толығырақ »