маусым 5, 2017

Ақтөбе облысында жасөспірімдерді зорлау дерегі көбейген

Бұл туралы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері хабарлайды. «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық зорлау фактілерінің жиілеп кетуі қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылы жасөспірімдерге жыныстық қатынас жасау туралы 4 қылмыстық іс қаралған, 2017 жылдың бүгінгі күнге дейін 6 қылмыстық іс түсіп, 3 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. 3 қылмыстық іс қаралу сатысында. 2016 жылмен 2017 жылды салыстырсақ, жоғарыда көрсетілген

Кеше Ақтөбеде мәйіттік донормен екі адамға бүйрек салынды

Ақтөбелік дәрігерлер бүйрек ауыстыру операциясын сәтті аяқтады. Мәйіттік донордан кезекте тұрған екі адамға трансплантациялық ота жасалынды. «1 маусым күні  облыстық жедел жәрдем ауруханасына бас ми жарақатымен 1994 жылғы жігіт түскен. Науқас Байғанин ауданынан жеткізілді. Ауыр соққы алған жігітті құтқарып қалу мүмкін болмады. Ол жігіт екі адамның өмірін ұзартып кетті. Шұғыл түрде екі науқасқа бүйрек ауыстыру операциясын жасадық. Операциялар ойдағыдай өтті, науқастардың жағдайы бірқалыпты», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Ақтөбеде бас қосқан травматолог-ортопедтер Денсаулық сақтау министрлігіне резолюция жолдамақшы

Ақтөбеде таяуда бірнеше мемлекеттің білікті дәрігерлерінің бас қосқаны белгілі. Аталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан шетелдік меймандар осы шараны ұйымдастыруға қолдау танытқан Бердібек Сапарбаевқа алғыстарын жаудырды. «Жалпы, жарақаттар мен олардың заманауи диагностикасы, кешенді емдеу тақырыбында мұндай ауқымды шара республика көлемінде алғаш өткізіліп отыр. Ақтөбені таңдауымыздың себебі де жоқ емес. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қолдау танытатын болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандар АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Түркияда травматология саласында қолданылатын озық үлгідегі технологиялармен

Ақтөбе облысының мешіттеріне жас имамдар тағайындала бастады

Бас Мүфтидің бұйрығымен Ақтөбе облысындағы төрт мешітке бас имамдар тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ойыл аудандық мешітінің бас имамы қызметіне Серікұлы Нұрсұлтан кірісті. Ембі қаласындағы «Нұр» мешітіне Сағындықов Райымбек, Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітіне Кабиев Айбек, Әйтекеби аудандық мешітіне Шекпенов Бауыржан Бас имам және Сұңғат Саметов наиб имам болып тағайындалды. Жаңа қызметке бекітілген жас мамандардың алғашқы төртеуі «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің биылғы түлектері. Ал жаңа наиб имам Сұңғат

Ақтөбе облысында алдағы күндері автоматтандырылған жаңа газ бөлу станциясы іске қосылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа автоматтандырылған газ бөлу станциясы-300 нысанында болып, таяу уақытта іске қосылатын бұл құрылыстың жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе – 500 мың тұрғыны бар, серпінді даму үстіндегі қала. Қазір жұмыс істеп тұрған газ тасымалдау жүйесі қаланың өспелі қажеттілігін қанағаттандыруы тиіс. Бұл бәрінен бұрын жаңа тұрғын үй массивін және енді құрылымдала бастаған Ақтөбе қаласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін, сондай-ақ облыстың іргелес өңірлерін, оның ішінде

Ақтөбедегі қарулы шабуылға бір жыл толды

5 маусымда Ақтөбеде бірнеше адам қаза тапқан қарулы шабуылға бір жыл толды, деп хабарлайды «Азаттық». 2016 жылы осы күні Ақтөбеде бір топ қарулы адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, әскери бөлімді басып алмақ болған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыс кезінде жеті адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланды. Билік шабуылды теракт деп атап, қалада террористік қауіп-қатердің жоғарғы «қызыл» деңгейі жарияланды. Шабуылдан кейінгі алты күндік операцияда билік «дәстүрлі емес радикалдық

Сапарбаевтың алдында жетімдерге үй алып беремін деген кәсіпкер уәдесін орындады

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жетім балаларға арналып салынып жатқан тұрғын үй күзде қолданысқа беріледі. Кәсіпкер Ибрагим Сәрсенбаев екі қабатты тұрғын үйге балалар үйінде тәрбиеленген жас отбасыларды кіргізбек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Мен облыс әкіміне жетім балаларды қамқорлықты алатынымды айттым. «Туған жерге тағзым» акциясымен осы жобаны қолға алдым. Балалар үйінде тәрбиеленген жеті жас отбасына баспана, қолына жұмыс тауып бергім келеді. Құрылыс жұмыстарын күз айына дейін бітіреміз. Үй бітпей тұрып, ешкімді шақыра