сенбі , 22 шілде 2017

01.06.2017

Телеарна ұжымы ақтөбелік баланы қамқорлыққа алды

Бүгін «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ұжымы ақтөбелік жасөспірім Әсия Жоламанованы балалар күнімен құттықтап барды, сый-сияпат жасады. Еске салсақ, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпорындар мен мекемелерге ата-анасынан айырылған балаларды қамқорлыққа алу туралы тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, Әсия енді 18 жасқа толғанша, «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының қамқорлығында болады. Бүгін ұжым мүшелері Әсиямен танысып қайтты. Жуырда ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысында суға кеткен үш баланың денесі табылды

Ақтөбеде 14-15 жастағы үш жеткіншек суға кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Үшеуінің де денесі судан шығарылды. Құтқару қызметінен хабарлағандай, оқиға күндізгі сағат 16-00 шамасында болған. Балалар тыйым салынған жерде жүзгенге ұқсайды.

Толығырақ »

Хоккейшілердің сауда орталығында жаттығып жүргенінен ұялған Сапарбаев бүгін олардың арманын орындады

Ақтөбеде халықаралық балаларды қорғау күнінде көптен күткен мұз айдыны ашылды. Өңір басшысы жаңа нысанның ашылуына жиналғандар мен барлық ақтөбеліктерді айтулы мерекемен құттықтады. Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев бірқатар кәсіпкерлермен келіссөздер жүрген болатын. Хоккей модулін ағайынды Шегельскийлер өз қаражатына тұрғызып берді. «Сіздердің барлығыңыз да біздің мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен балаларымыздың спортпен ...

Толығырақ »

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақтөбеде тағы бір балабақша ашылды

Ақтөбенің Шанхай ауданында тағы бір балабақша пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған балабақша 300 орынға есептелген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Балалар үлкендер алдында мерекелік бағдарламаларын ұсынды. Ертегі кейіпкерлеріне айналған бүлдіршіндер облыс басшысына балабақшаның ішін көрсетіп шықты. Сонымен бірге, мерекелік торт кесілді. Айта кетейік, мұнда мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиеленбек. Музыка, ...

Толығырақ »

Ақтөбенің талантты балалары мерекелік шеруде қаланың бас даңғылымен жүріп өтті

Екі мыңнан астам өнерлі, талантты, озат бала бүгін Ақтөбенің бас даңғылымен жүріп өтті. Қала тарихында тұңғыш өткізіліп отырған балалар шеруін олардың ата-аналары мен ұстаздары да келіп қызықтады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қаз-қатар тігілген балалар бар өнерлерін ортаға салды. Музыка мектебінің оқушылары күй төгілтсе, бишілер тобы мың бұрала жөнелді. Балалар спорт ...

Толығырақ »

Бірқатар танымал ақтөбеліктер бала кезінде қандай болды?

Асила Төреғалиева Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы. Кезінде «Екі езу» театрына Оралдан келген төрт жас актердің бірі. Асила осы уақытқа дейін белсенділігімен көзге түсіп келеді. Бірқатар басты рөлдерді сомдап жүр. Сонымен бірге, жергілікті арналардың бірінде бағдарлама жүргізеді. Жеке өнер мектебінде де жастарға актерлік өнердің қыр-сырын үйретеді. Асила бала ...

Толығырақ »

АҚШ ғарыш зымырандарын ұшыратын әлемдегі ең ірі ұшақ жасап шығарды

АҚШ-та қос қанатының ұзындығы 117 метр болатын Stratolaunch ұшағы көпшілікке таныстырылды, — деп хабарлайды The Washington Post. «2017 жылдың 31 мамыры, сәрсенбіде Калифорния штатындағы Мохаве шөліндегі ангардан Stratolaunch ұшағы алғаш рет шығарылды. Ол 9,1 мың метрден ғарыш тасығыш зымырандарын ұшыруға арналған», — делінген хабарламада. Ұшақтың 28 дөңгелегі мен алты реактив ...

Толығырақ »

Түркияда әскери тікұшақ құлады

ҚазАқпарат -Түркияның Ширнак провинциясында әскери тікұшақтың құлауының салдарынан 12 адам мерт болды, деп хабарлайды ТАСС Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Осыған дейін Hurriyet Daily News басылымының хабарлағанындай, Cougar тікұшағы әуеге көтерілгеннен кейін үш минуттан соң электр тарату желісіне тиіп кетіп, апатқа ұшырады. inform.kz  

Толығырақ »

Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі шықты

Медеу аудандық №2 сотының судьясы Тәкен Шәкіров «Феникс» фильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша үкім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Соттың үкіміне сәйкес, Тұңғышбай Жаманқұлов 189-бап («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша айыпты деп танылды. Ол 7 жыл шартты түрде сотталды. Сонымен ...

Толығырақ »