31.05.2017

Ақтөбеде ораза кестелері мен дұға мәтіндері мыңдаған данамен таратылып жатыр

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің қызметкері Нурллин Райымбек бір топ мешіт жастарымен бірге тұрғындарға Бас Мүфти Ержан қажы Малғажаұлының халыққа үндеуі мен Рамазандағы намаз бен ораза кестесін таратты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Халық көп шоғырланған жерлер – теміржол вокзалында, базар мен қала көшелерінде, аялдамалар мен көлік тұрағындағы тұрғындарды тоқтатып, оларды қасиетті ...

Толығырақ »

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балалары жазғы лагерьлерде демалады

Бұл туралы қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың директор орынбасары Жаңылсын Нұрғалиева «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылардың 7-14 жастағы балалары есепке алынды. Жергілікті бюджет есебінен жазғы демалысты өткізу үшін 90 бала лагерьлерге жіберіледі, оның ішінде 59 бала мектеп жанындағы, 31 бала қала сыртындағы демалыс ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысында аудан әкімдерінің бірі мешітке көлік кілтін табыстады

Темір ауданының әкімі Жүсіпалиев Асқар Қазиханұлы қасиетті Рамазан айында аудандық «Досжан Ишан» мешітіне зор тарту жасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Темір ауданының мешітінен хабарлағандай, аудан имамы Мадияр Пірімқұловқа Skoda Oktavia A5 маркалы қызметтік көліктің кілті табысталды. Аудандағы діни ахуалды реттеп, жамағат пен мешіт арасында берік байланыс орнату, теріс ағым өкілдерімен ...

Толығырақ »

«Актюбинский вестник» газетінің тілшісі «Алтын Гефест-2017» байқауының жүлдегері атанды

Облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Владимир Бурьянов тау-кен-металлургия тақырыбы бойынша «Алтын Гефест-2017» байқауының жүлдегері атанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Марапаттау рәсімі Астанадағы «Салтанат сарайы» конгресс-холы сахнасында өтті. Аталған конкурсқа 9 номинация бойынша 190-нан астам адам қатысқан. Облыстық «Ақтөбе» газетінің хабарлауынша, «Тау-кен-металлургия саласындағы Еңбек адамы туралы үздік журналистік жұмыс» аталымында өзінің ...

Толығырақ »

Елбасы Астана әуежайының жаңа терминалында болды

Бүгін Астана Халықаралық әуежайының жаңа терминалы ашылды. Терминал VIP және қарапайым жолаушыларға арналған екі аймақтан тұрады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушыларға арналған негізгі ғимаратты қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жаңа терминалда төрт кіреберіс бар. Ішінде жолаушыларды тіркейтін 26 бірдей орын және төлқұжат тексеретін 42 кабина орнатылған. Ал жаңа жүйенің ...

Толығырақ »

Назарбаев Астананың жаңа вокзалы жайында: «Мен мұндайды Еуропада да көрген жоқпын»

EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалында болып қайтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Жуырда EXPO ашылады, осыған байланысты Астананың жаңа мақтанышы болатын жаңа нысандарды аралап жүрмін. Бұл бұрынғы кеңес елдері арасындағы осындай жалғыз вокзал, мен тіпті Еуропада мұндайды көрген жоқпын. Ол болашаққа арналып салынған. ...

Толығырақ »

Жазғы демалыста ақтөбелік балалар Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватына саяхат жасайды

Ақтөбе облысында биыл 112 мың бала жазғы демалыспен қамтылады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қала сыртында 11 лагерь жұмыс жасайтын болса, оның 9-ы — жекеменшік иелігінде. Бұдан өзге мектеп жанынан 380 лагерь, 30 шатырлы лагерь өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Жазғы демалыспен оқушылардың 92 пайызы, яғни 112 мың бала ...

Толығырақ »

Ақтөбеліктер Түйетөбе басында қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Ақтөбеліктер жылдағы үрдіс бойынша Түйетөбеге барып, қуғын-сүргін құрбандарын еске алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Зұлмат жылдары солақай саясаттың құрбаны болғандардың рухына құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды. Шараға қуғындалғандардың ұрпақтары, жергілікті билік және азаматтық қоғам vөкілдері, құқық қорғау органдары, жастар, т.б. қатысты. Тіпті көршілес облыстардан келгендер болды. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев ...

Толығырақ »

Мереке қарсаңында «Ақтөбе» футбол клубының бала жанкүйерлері алаңға шығады

Балалар мерекесін көңілді өткізуге «Ақтөбе» футбол командасы өз үлесін қосады. Спорт клубы балалар құқын қорғау күніне орай жас жанкүйерлерді стадионға шақырады. Балаларға сүйікті футбол командасымен алаңға шығу үшін сәл еңбектену қажет. Ол үшін сурет байқауына қатысып, «Ақтөбе» футбол клубын 50 жылдығымен құттықтау керек. 50 баланың үздік жұмыстары «Ақ-қызыл» командамен бірге ...

Толығырақ »

Ораза айында шөлдемес үшін не істеу керек?

Ақтөбелік мешіт қызметкерлері ораза кезінде шөлдемес үшін шай мен кофеден бас тартуды ұсынады. Ораза кезінде шөлдемес үшін дін қызметкерлері төмендегідей кеңестер айтады: 1. Шай, кофе, газдалған сусын ішпеген дұрыс. Оларда кофеин мен химиялық қоспалар болғандықтан, шөл қанудың орнына организмнің көп суалуына әкеліп соғады. 2. Ауыз бекітерде бір шымшым тұз салынған ...

Толығырақ »