жексенбі , 25 маусым 2017

30.05.2017

Ақтөбеде қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Түйетөбеге қарай автобустар ұйымдастырылады

Түйетөбедегі еске алу және гүл шоқтарын қою рәсімі сағат 11-00-де басталады. Сағат 9-30-да облыстық драма театры мен облыстық әкімдік жанынан автобустар жолға шығады. Айта кетейік, 1997 жылғы Елбасы Жарлығына сәйкес, 31 мамырда елімізде саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.    

Толығырақ »

Перзентханаларда баланың туылуы бойынша 260 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілді

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет — бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы — бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан ...

Толығырақ »

Ақтөбеде әлеуметтік желінің белсенділері кімдер?

Әлеуметтік желі — қоғамның әлеуеттік күші. Әлеуметтік желіні әркім әртүрлі мақсатта пайдаланады. Қоғамда болып жатқан оқиғаларды көпшілік талқылауына ұсынып, ой тастай алатындар бар. Қара басының қайғысы мен жеке мәселелерін әлеуметтік желіде жыр қылатындар да жоқ емес. Aktobenews.kz сайты ақтөбеліктердің ішінен әлеуметтік желі белсенділерін іріктеді. Нұрлыбек Жұбатқан Т.Ахтанов атындағы облыстық драма ...

Толығырақ »

Ақтөбеде имамдар оразаның алғашқы күндерінде мүгедек балаларға көмектесті

Ақтөбелік имамдар рамазан айының отыз күнінде отыз сауапты іс жасауды бастап кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің қызметкерлері игі бастаманың бірінші күнінде «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінде болды. Азық-түлік, бірнеше сөмкеге буылған балалардың киім-кешектері жеткізілді. Ал, рамазан айының екінші күні бастаманы қолға алған топ су тасқынынан ...

Толығырақ »

Ақтөбе өңірінде мұнай ұрлығы азаймай отыр

Журналистерге баспасөз мәслихатын өткізген облыстық прокуратура мамандары өңірде мұнай ұрлығының жиілеп кеткендігін айтты. Жеке компаниялар мұнайды жасырып қалудың әртүрлі тәсілдерін қолданып, айлаларын асырып отыр.  «Есепке алуды автоматтандыру талап етілуіне қарамастан, жекелеген компаниялар әлі де ескі әдістерді қолдануда. Шикізат ұңғымалардан орталықтандырылған коллекторға емес, бөлек тұрған бөшкелерге құйылады. Содан соң, өндірілген мұнай ...

Толығырақ »

Ақтөбенің қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі енгізілуі мүмкін

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өткізген жиналыста жолаушылар тасымалының қазіргі жағдайы талқыланды. Жиынды ашқан өңір басшысы көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығын атап өтіп, жолаушылар тасымалын ретке келтіру қажеттігі туралы әңгіменің бұған дейін де қозғалғандығын еске салды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Осыған қарамастан қоғамдық көліктердің уақыт ара қашықтығы мен қозғалыс кестесі, қалалық ...

Толығырақ »

Ақтөбеде бір жарым миллионға салынған аялдамалар түкке жарамай қалды

Ақтөбеде қойылғанына бір жыл да болмаған жаңа USB тетікті аялдамалар әлден  істен шығып жатыр. Біреуінің құны 1 миллион 600 мың теңге болатын аялдамалардың өткен жылы қалаға он екісі орнатылған деп хабарлайды 31 арна. «USB тетігі бар деп қымбатқа бағаланған бекеттердің сапасы нашар болғаны соншалық, тіпті USB тетіктері көпке шыдамай істен ...

Толығырақ »

Сағынтаев Таразда дауылдан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев үкімет басшысына Таразда болған жойқын дауылдың салдары жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Тараз қаласындағы 13-ші ықшамауданда жылдамдығы секундына 30 метрге жететін дауыл тұрып, үйлердің шатырлары құлады. 1994 жылғы жұмысшы Бексейітов және 1963 жылғы Нұржан — екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз ...

Толығырақ »

Сеулде қаза тапқан қазақстандық құмар ойындарға тәуелді болған — ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Сеулде қаза болған Қазақстан азаматының құмар ойындарға тәуелді болғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның мәліметінше, 32 жастағы қазақстандық Сеулде бір жыл уақыт болған. Жайнақовтың айтуынша, ер адам 29 мамырда шамамен сағат 23.40-та 10 метрлік көпірден құлап кеткен. «Полицияның мәліметінше, ...

Толығырақ »

18 жастағы бойжеткен «Ақтөбе аруы» атанды

“Қазақстан аруы-2017” байқауының келесі қатысушысы анықталды. Ол – “Ақтөбе аруы-2017” атағын жеңіп алған Дана Келмағанбет. Бұл туралы “Қазақстан аруы” байқауының ресми парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz. 18 жастағы ару бұған дейін аймақтық сұлулық байқауларында жеңімпаз атанған. Енді ол желтоқсан айында өтетін “Қазақстан аруы-2017” байқауына қатыса алады. Оқудан бос уақытында ...

Толығырақ »