29.05.2017

Ақтөбеде мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға тыйым салынбайды

Ақтөбеде мектеп бітірушілер еш кедергісіз кеш ұйымдастыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мектеп бітіру кешіне білім ордасы жауапты емес. Яғни, түлек 12 маусымға дейін аттестат алып, мектептен шыққан соң көңілді кеш ұйымдастыра алады. Оған ата-анасы мен түлектің өзі ғана жауапты. «Аттестатты табыстау рәсімі мектеп қабырғасында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Құжатты ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысында бірнеше басқарма басшысы ауысты

Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Елеусінова Бұлбұл Ораққызы «Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды. Ол 1976 жылы қыркүйекте туған. Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақ-орыс халықаралық университетін мұғалім және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектепте мұғалім болып бастаған. 2004 ...

Толығырақ »

Димаштың концертіне екі аптада 15 мың билет сатылып кетті

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қоғамдық кеңес алдында ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстарына есеп берді. Осы орайда министр «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде өтетін Димаш Құдайбергеновтің концертіне 15 мың билеттің бірден өтіп кеткендігін қуанышпен жеткізді. Жиында Арыстанбек Мұхамедиұлы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде өтетін мәдени іс-шараларға қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын ...

Толығырақ »

Рақымжан Арыстан, дəрігер: Таныстықты пайдаланып, түнде көмек сұрайтындар бар

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан аурухана мамандарына сенбей, бас дәрігерден көмек сұрайтындардың барын айтты. «Кейде маған адамдар көмек сұрап түнде де хабарласады. «Бізді қарамай жатыр» дейді. Ауруханаға келгенде тексергеннен кейін ғана ем тағайындайды. Талдамалар алудың өзі дәрігердің бақылауында деген сөз. Туыстары бас дәрігер тапсырма берсе, дәрігер аурудың ...

Толығырақ »

Ақтөбеде 17 жастағы қыз 8 қабаттан секіріп кетті

Оқиға Ақтөбе қаласында түнде тіркелді. Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы үйлердің бірінен  17 жастағы қыз 8-қабаттан секіріп кеткен. Қалалық жедел жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиеваның айтуынша, бойжеткен дәрігерлер жеткенше жан тапсырған. Жедел жәрдем қызметі зардап шегушіге көмектесудің мүмкін емес болғанын айтады. Полиция тарапынан оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Полицияға ...

Толығырақ »

Nur.kz қолға алған ауқымды жобаның «Белсенді әкім» номинациясында Бердібек Сапарбаев көш бастап келеді

Nur.kz қолға алған ауқымды жобаның «Белсенді әкім» номинациясында Бердібек Сапарбаев көш бастап келеді. Сонымен бірге, «Жыл адамы» номинациясында да алдыңғы қатарда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Соңғы кезде қоғамдық рейтингтерде Алматы қаласының әкімі мен Шымкент басшысы Ғабидулла Әбдрахимов алдыңғы қатарлардан көрініп келеді. Өзге қалалардың тұрғындары онымен келіспейтін секілді. Енді сіздің де ...

Толығырақ »

Ақтөбелік депутат: Шілікті мектебінде «бұл сенің анаң отырған парта дегенде көзімнен жас ыршып кетті

Ақтөбелік депутат Бақытжан Ержанов 70 оқушы мен 6 мұғалімге ЭКСПО-ға билет алып берді. Халық қалаулысы тіпті жол шығынын да мойнына алып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бақытжан Ержанов депутат болуды армандамағанын айтады. «Депутаттыққа ұсынған кезде  Шалқар ауданының ауылдарын араладым. Бізге бұған дейін депутат келіп көрмеген деп халық шулап жүр. Шіліктіге ...

Толығырақ »

Сапарбаев Ақтөбе күнін тойлауға келген жұртшылықтың назарын жолдың арғы бетіндегі жаңа нысандарға аударды

Ақтөбе қаласының 148 жылдығын тойлауға келген халық жаңбырдың астында қалып қойды. Қала күнімен құттықтаған облыс басшысы оларды нағыз патриоттарға балады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Жауынға қарамастан, қаланың туған күнін тойлауға келіп отырған сендер нағыз патриотсыңдар» деп Бердібек Сапарбаев сілейіп тұрған көпшіліктің көңілің бір көтеріп тастады. Әкім сонымен бірге, облыста атқарылып ...

Толығырақ »

Ақтөбеде иесіз қалған мұнараны бөлшектеп алуға әкімдіктің күші жетер емес

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қарғалы ауылдық округінің тұрғындары қатты жел соққан күні ұйықтамайды. Себебі, иесіз қалған 35-40 метрлік мұнара құлайын деп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылдық округінің тұрғындары бірнеше жылдан бері әкімдіктен көмек күтіп жүр. Бірақ екі үйдің ортасындағы мұнараны қиратуға қарапайым адамдардың ғана емес, әкімдіктің күші ...

Толығырақ »

Ақтөбеде күніге 20 адам темекі тартуды қоя алмайтынын айтып дәрігерге келеді

Облыс емханаларында шылым шегуге қарсы күрес кабинеттері жұмыс жасайды. Маман көмегіне жүгінетіндер жоқ емес. Ақтөбеде күніге 20 адам валеолог көмегіне жүгінеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Темекінің зиянын көпшілік әлі күнге дейін нақты ұғынып отырған жоқ. Оның ғасыр дертіне айналғанын түсіндіру мақсатында біз қолдан келген амал-тәсілдерді қолданып-ақ жатырмыз. Бірақ нәтижесі жоқтың ...

Толығырақ »