26.05.2017

Ақтөбеде футболшыларға сыйақы таратқан Ескендірбек Маханов 7 жылға сотталды

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында облыстық спорт басқармасы мен «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іске үкім шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Мемлекет мүлкін талан-таражға салған Ақтөбе облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Махановтың жеке мүлкі тәркіленіп, 7  жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мемлекеттік қызметте басшы болу құқынан айырылды. Ал, ...

Толығырақ »

Сицилияда «Үлкен жетілік» елдерінің саммиті басталады

Бүгін Италияның Сицилия аралындағы Таормина қаласында «Үлкен жетілік» елдерінің екі күндік саммиті басталады. Саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп қатысады. Саммитте оған қатысатын өзге елдердің басшылары Трамптан оның сауда және климаттың өзгеруіне қатысты ұстанымын сұрайды деп болжанып отыр. «Үлкен жетілік» елдерінің басшылары сонымен қатар Манчестерде 22 мамырда 22 адам қаза тапқан ...

Толығырақ »

Ақтөбеде құрылысы 4 жыл бұрын басталған мешіт ораза қарсаңында пайдалануға берілді

Бүгін Ақтөбе қаласының Жаңақоныс селолық округінде жаңа мешіт бой көтерді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Оның ашылуына қала әкімі Ілияс Испанов пен дін қызметкерлері қатысты. Рамазан айы қарсаңында пайдалануға берілген мешіттің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген имамдар игі бастаманы жақсылыққа жорыды. Бірнеше жылға созылған мешіт құрылысы демеушілердің көмегімен аяқталды. Екі қабатты ғимаратта ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысында ешкі, қоян және бал арасын өсіруге несие алуға болады

Ақтөбе облысында дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы түрлерімен айналысамын деушілерге де несие беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ауыл шаруашылығын қорғау қоры филиалының дирекnоры Гүлжанат Ерғазинаның айтуынша, бүгінде кез келген бағдарлама ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға бағытталған. «Бұрын несие тек ет немесе сүт өндірушілерге беріліп келсе, ендігі жолы ауыл шаруашылығының аралас немесе дәстүрлі ...

Толығырақ »

Имам: Оразаны тек арықтау үшін ұстау өрескел қате

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы оразаның пайдасы мен ерекшеліктерін төмендегідей атап берді. Оразаның пайдасы Дініміз Исламның бес парызының бірі – Рамазан айында ораза ұстау. Біз оразаны қандайда бір материалдық пайданы күйттеп, немесе тек қана денсаулығымыздың жақсаруы үшін ұстамаймыз. Ең әуелі Алланың әмірі болғандығы үшін және ...

Толығырақ »

Ақтөбенің қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірі ұсыныла бастады

Aktobenews.kz тілшісі бірнеше дәмханаға хабарласып, Рамазан айына дайындықтарын білді. Басым көпшілігінде ауызашар мәзірі дайындалып жатыр. Кейбірі сол тамақтану орнындағы мәзірмен де тапсырыс беруге болатынын айтады. «Әдеттегісінше, ауызашар уақытына таман мәзір әзірлейміз. Тек алдын ала ескертіп тапсырыс жасау керек. Адам санын айтып, мүмкін болса, дәмханадан орын алып алған жөн. Өйткені, адам ...

Толығырақ »

Димаш Құдайбергеннің жаңа альбомы жарық көреді

Туған күнінде Аспан асты елінде концерт берген Димаш жақында тыңдармандарын қуантпақ. Ол жеке альбомын жарыққа шығару үшін қызу жұмысқа кірісіп кетті. Бұл туралы Димаш концерттен кейінгі журналистерге берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz. «Қай тілмен аталатыны әзірге белгісіз. Ішінде міндетті түрде қазақтың иісі шығып тұратын, қазақтың халық әндері болады. Өйткені, ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысында газ тапшылығына жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды

Облыстық Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тексеру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе прокурорлары газ тапшылығына әкеп соққан бірқатар себептерді, соның ішінде жекелеген лауазымды тұлғалардың  әлеуметтік газдың көлемін бөлуге заңсыз араласуын анықтап отыр. Жекелеген жағдайларда газ жұмыс істемейтін газ құю бекеттеріне де ...

Толығырақ »

Жыл соңына дейін елімізде қара жамылғы мен сақал өсіруге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда алдағы күзде қара жамылғандар мен сақал қойып, шолақ балақ киетіндерге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасап NUR.KZ. Әзірше мамандар халықаралық тәжірибені зерттеп, сарапшылар мен заңгерлердің, қоғамның пікірін анықтауда. «Азаматтардың өз қалауынша киінуіне таңдау құқы бар, бірақ мұнда жат ағым элементтерін таңдау айтылмаған. Біздің кейбір азаматтарымыздың ...

Толығырақ »