24.05.2017

Нұрлыбек Жүсіп: «Ақтөбелік спортшылар арасында күмәнді діни ағым жетегінде жүргендер жоқ»

Ақтөбе облысындағы спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілері арасында күмәнді діни ағымда жүргендер жоқ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бұл жөнінде «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Жүсіп мәлімдеді. Дегенмен, облыстың «бас спортшысы» Ұлттық қауіпсіздік комитеті және діни басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жұмыстар жүргізілетінін ...

Толығырақ »

Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Ақтөбе облысында спорт колледжі ашылады

Жаңа оқу жылында Ақтөбеде спорт колледжі есігін айқара ашпақ. Ол бұрынғы Есет батыр атындағы мектеп-интернатының базасында ашылғалы отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Жүсіптің айтуынша, оқу орнына колледж мәртебесін беру туралы бастаманы облыс басшысы көтерген. «Егер Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің спорт факультетінде жалпы ...

Толығырақ »

Ақтөбеде өсімдік майын шығаратын зауытта адам өлімі болды

Өсімдік майын шығаратын «Ақтөбе Фудс» компаниясында төтенше жағдай тіркелді. Оқиға кезінде бір адам мерт болып, тағы бірі облыстық жедел жәрдем ауруханасына түскен. «Кеше хабарлама түсті. Қайғылы оқиға кезінде екі адам зардап шеккен. Оны бірі мерт болған, екіншісі облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Cебебін нақты айту әзірге мүмкін емес. Арнайы  комиссия ...

Толығырақ »

Ақтөбеде бірнеше жыл прокуратура саласында қызмет еткен Болат Халық 70 мың доллар парамен ұсталды

Астанада ҚР Инвестиция және даму министрлігінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК бас директоры Болат Халық 70 мың доллар көлемінде пара алу сәтінде ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдікті атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып бергені ...

Толығырақ »

Маусым айында Ақтөбе қаласы бойынша 6500 балаға балабақшаларға жолдама беріледі

2-27 маусымға дейін аралықта мектепке дейінгі ұйымдарға (балабақшаларға) 2014 жылы кезекке тұрған балаларға жолдамалар беріледі. Барлығы 6500 жолдама беру жоспарланып отыр. Мектепке дейінгі даярлықпен қаматамасыз ету мақсатында 5 жасқа толған (2012 ж.т.) балаларға жолдама беру бірінші кезекте қаралады. Егер 2013 жылы туылған (4 жастағы) балалар кеш тіркелсе, бос орынның болуына ...

Толығырақ »

Ақтөбедегі жоғары оқу орнында дінтану пәні енгізіле бастады

Ақтөбедегі жоғарғы оқу орындарында да жат ағымға қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті студенттермен психологиялық жұмыстар жүргізіледі. «Университетте жат ағым жетегіне кетуі мүмкін студенттермен арнайы жұмыстар жүргізетін психологиялық қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл жерге психологтар мен дінтанушылар біріккен. Мақсат — жат ағымда жүргендердің санасын дұрыстап, студент болған шақта дәстүрлі дінімізге ...

Толығырақ »

Ақтөбеде дүкеншіге пышақ кезеген 29 жастағы жігіт ұсталды

Ақтөбе қаласындағы Алтынсарин көшесінде орналасқан азық-түлік дүкені тоналды. Белгісіз жігіт пышақпен келіп, дүкеншіні қорқытқан. Оның өміріне қауіп төндіретінін айтқан жігіт кассадағы 45 мың теңге көлеміндегі ақшаны қолды қылған. «Оқиға 22 мамыр күні Алтынсарин көшесінде орналасқан дүкенде тіркелді. Ақтөбелік полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашты. Елек полиция бөлімінің қызметкерлері 29 жастағы ...

Толығырақ »

Рамазан айының әр күнінде Ақтөбе мешіттерінің жанында ауызашарлар ұйымдастырылады

Облыс мешіттері рамазанға қызу дайындықты бастап кетті. Рамазан айында «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылатын болады. Мұқтаж, көп балалы отбасыларға, қарттар үйінде қайырымдылық көмектер көрсетіледі. Рамазан айына дейін мешіт айналасының тазартылғанын айтқан бас имам қасиетті айда әлсіз адамдарға көмек көрсетуге күш жұмсалатынын айтты. «Жамағатпен бірге «Жақсылықта жарысайық» шарасы кезінде қарттардың ...

Толығырақ »

Ақтөбеліктер жергілікті полицияның жағдайын көтеру үшін парламент депутаттарынан қаржы сұрады

Діни ахуалға қатысты өткен кезекті басқосуда жергілікті полиция қызметкерлерінің материалдық жағдайына қатысты мәселе көтерілді.   «Өткен жылы облысымызда болған террорлық әрекет барлығымызға сабақ болды. Терроризм, экстремизм деген қазаққа жат дертпен қоғам болып күресу керек. Өткен жылғы оқиғалар көрсеткендей, террористік қауіп туындағанда бар салмақ полиция қызметкерлеріне түседі», — деді Ақтөбе облысы ...

Толығырақ »

Ақтөбеде Байтұрсынов, Аймауытов, Жұмабаев, Дулатов, Шәкәрім көшелері пайда болады

Ақтөбелік депутаттар тағы да 20-дан астам көшенің атауын өзгертпек. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін де Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 25 көшенің атау өзгертіліп, бірқатарына қазақ зиялыларының есімдері берілген болатын. Ақтөбеде сондай-ақ, Сәкен Сейфулин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әбубәкір Кердері, Қайрат Рысқұлбеков, Мұқағали Мақатаев, Хиуаз Доспанова, Әлкей Марғұлан, Әміре Қашаубаев, Өзбекәлі Жәнібеков есімдерімен ...

Толығырақ »