бейсенбі , 17 тамыз 2017

23.05.2017

Ақтөбе облысына заңсыз келген шетел азаматтары ескертумен құтылып кетті

«Заңсыз келуші-2017» жедел алдын алу шарасының екі күнінде 6 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе станциясының ІІЖб қызмет көрсету аумағында «Заңсыз келуші-2017» жедел профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр. Шараның екі күнінде 6 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 1 шетел азаматына 15 айлық есептік ...

Толығырақ »

Ақтөбеде халықтың ықыласына бөленіп жүрген мемлекеттік қызметкерлердің ондығы

Халық — сыншы, баға беруші. Әлеуметтік желі дамыған ақпараттық қоғамда көпшілік әрдайым мемлекеттік қызметкерлерге деген көзқарасын айтып отырады. Ақтөбеде халықтың ықыласына бөленіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер кімдер? Aktobenews.kz көпшіліктің құрметіне лайық ондықты шығарды. Сонымен: Сапарбаев Бердібек Машбекұлы Бердібек Сапарбаев 2015 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Ақтөбе облысына әкімі. Облыстың барлық елді-мекенін аралап, ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысының бас имамы ораза ұстауға ниет білдіргендерге есте ұстау керек ережелерді түсіндірді

Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 27 мамыр — Рамазан айының алғашқы күні. Облыстық мешіт қызметкерлері ораза ұстауға ниет білдірушілерге есте ұстау керек жағдайларды түсіндірді. Дін қызметкерлері мүбарак айды қайырымды іске, уақытты тиімді өткізуге, құлшылыққа арнауға шақырады. «27 мамыр күні таңертең сағат 3:09 уақытына дейін ауызымыз берік болу керек. Демек, ...

Толығырақ »

Ақтөбеде қызметтік иттердің көмегімен 100-ге тарта қылмыстың ізі суымай ашылды

Ақтөбелік тәртіп сақшылары қызметтік иттердің көмегімен 100-ге жуық қылмысты ашты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Оның ішінде 50 ұрлық пен 15 есірткіге қатысты қылмысты ашуға көмектескен. Заңсыз айналымнан 7 келіден астам есірткі заты алынды. Мұндай көлемдегі есірткі өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда екі есеге көп. Жалпы, облыстық ішкі істер департаментінде 30 қызметтік ...

Толығырақ »

Кене шаққан ақтөбеліктер дәрігерлерге жүгініп жатыр

Ақтөбеде кене, маса, ара сынды жәндіктерден зардап шеккендер көбейді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық жедел жәрдем бекетінің аға дәрігері Балажан Әзімбаева хабарлады. Оның есебінше, соңғы бір аптада жәндік шағып алған 21 ақтөбелікке медициналық көмек көрсетілді. «Сонымен бірге, өткен демалыс күндері жедел ішек инфекциясын жұқтырып, қызуы көтерілген 531 балаға ...

Толығырақ »

Ақтөбеде діни сауат ашу курстарының шәкірттері емтихан тапсырды

«Нұр Ғасыр» мен Ақтөбе қалалық орталық мешіттеріндегі ерлер мен әйелдерге арналған діни сауат ашу курстарының жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Тоғыз ай бойына мешіт ұстаздарынан тәлім алып, араб әліпбиін үйренген, Құранды төл нұсқасынан оқу нығметі нәсіп болған шәкірттер осы аралықта алған білімдерін таразылап, курсты тәмамдады. Сынаққа барлығы 30 ер ...

Толығырақ »

Астанадағы намазханаларда экстремистік әдебиеттер сақталып келген

Елорда аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шаралары жалғасып жатыр деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі. Астана қалалық ІІД экстремизммен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген рейдтік тексерулер барысында заңсыз жұмыс істеп келген 4 намазхана анықталған. Олардың бірінде экстремистік мазмұндағы материалдар сақталып келген болса, екіншісінде тәуіпшілікпен емдеу шаралары жүргізіліпті. Қазіргі таңда бұл ...

Толығырақ »

Ақтөбе өңірінің кескін-келбетін айқындайтын бренд әзірленуде

Ақтөбе облысын айшықтап, шетелдіктерге таныстыратын бренд әзірленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл бағыттағы жұмыстар осы уақытта басталып та кетті. Өңірді таныстыратын таңбалық белгі өзге облыстарға, халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалады. Бұл жұмыспен арнайы пиар компания айналысады. «Бренд жасаушы компанияға бірнеше талап қойылады. Олар өңірдің анықтамалығын жинап, ерекшеліктер мен артықшылықтарын тізбектейді. Кейін ...

Толығырақ »

Ұлыбританияның «Манчестер Арена» стадионында екі жарылыс болды: 20 адам қаза тапты (Видео)

Ұлыбританиялық БАҚ-тар куәгерлерге сілтеме жасай отырып, «Манчестер Арена» стадионында екі жарылыстың болғанын хабарлады, — деп жазады РИА Новости. Басылымның мәліметінше, Манчестер полициясы алаңда жарылыстың болғанын және онда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың бар екенін растады. Ал кейбір БАҚ өкілдері Twitter желісіндегі қолданушыларға сілтеме жасай отырып, бұл оқиғаның әнші Ариана Гранденің ...

Толығырақ »

Ақтөбеде халықтан 71 миллион теңге жинап алған қаржы пирамидасы әшкере болды

Ақтөбеде халықтан 71 миллион теңге жинап алған қаржы пирамидасы әшкере болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметінше, екі әйел million888соm сайтын жасап, 2014 жылы қаржы пирамидасын ашқан. «Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Tulpar888», «Million888» жобаларына азаматтарды тарту — қаржы пирамидасының жарқын көрінісі. ШҚО ...

Толығырақ »